Алматыдағы кедейшілік шегі - 13369 теңге

Алматыдағы кедейшілік шегі - 13369 теңге

Алматыдағы кедейшілік шегі  - 13369 теңге
ашық дереккөзі
288

2014 жылғы
қазанда Алматы қаласындағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 22 283
теңгені құрады. BNews.kz сайтының хабарлауынша, бұл көрсеткіш 2014 жылдың
қыркүйегімен салыстырғанда 0,4%-ға, ал 2013 жылдың қазан айымен салыстырғанда
7,6 пайызға өскен.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі –
адамның тіршілік харекетін қолдау және оның жұмыс күшін қалпына келтіру үшін
қажет ақшалай қаражаттың ең төменгі деңгейі болып табылады. Оны анықтау
әдістемесі бүкіл отбасының немесе бір қызметкердің шығыны мен табысының
теңгеріміне тең келетін тұтыну бюджетін құрауға негізделеді. Ал кедейшілік шегі
ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%-ына тең. Демек, Алматыдағы кедейшілік шегі –
13369 теңге.

Алматы қалалық
статистика департаментінің мамандары ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымын
тарқатып берді. Ондағы азық-түліктің үлес салмағы: ет пен ет өнімдерін сатып
алу шығындары – 20,5%, май мен тоң май сатып алу – 3,3%, сүт, ірімшік пен
жұмыртқа сатып алу – 12,9%, қант, шай мен дәмдеуіштер сатып алу – 2%, жемістер
мен көкөністер сатып алу – 11,9%, балық сатып алу – 2,1%, нан және жарма
өнімдерін сатып алу шығындарының үлесі – 7,3% құраған.

Серіктес жаңалықтары