Селфи - өмір мен өлім жанталасы...
Селфи - өмір мен өлім жанталасы...
Польшалық бойжеткен Сильвия Райхел селфи жасаймын деп өлім құшты. Өзін-өзі суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жарияуға асыққан қыз биікткен құлап кеткен.
Испанияның Севилья
қаласына саяхаттап барған польшалық турист Пуэнте-де-Исабель II көпірінің
шетінде тұрып, селфи жасамақ болады. Өзін-өзі суретке түсіруге талпынған
бойжеткен тепе-теңдікті сақтай алмай, 4,5 метр биіктіктен құлап кеткен. Оқиға
орнына жеткен жедел жәрдем қызметі бетонға соғылып, мертіккен қызды дереу
ауруханаға жеткізеді. Бірақ дәрігерлер ауыр жарақат алған қызды құтқарып қала алмаған.
Польшалық
ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сильвия Райхел медицина мамандығында оқыған
және оқуын аяқтаған соң біржолата Испанияға қоныс аударуды жоспарлап жүрген
көрінеді. Ақыры Испанияны жанындай сүйетін бойжеткен өз ажалын арманына
айналған қаладан тапты.
Бұл – селфидің кесірінен орын алған алғашқы қайғылы жағдай
емес. Көлік жүргізіп келе жатып, селфи жасағысы келген америкалық әйелдің қазасын
көктемде әлемдік ақпарат құралдары жарыса жазған болатын. Қайғылы жағдай Солтүстік
Каролина штатында орын алған еді. Автокөлікте
сүйікті әншісі Фаррелл Уильямстың «Happy» әнін тыңдап келе жатып, 32 жастағы Кортни Стенфорд көтеріңкі көңіл
күйін әлеуметтік желідегі достарымен бөліскісі келеді. Өзін-өзі суретке түсіруге әрекеттенгенде, қарсы
келе жатқан жүк көлігіне соқтығысады. Сөйтіп Кортни оқиға орнында мерт болған.
Селфидің төңірегіндегі жан шошытарлық жағдайлар мұнымен
шектелмейді. «24.kz» телеарнасы пластикалық хирургияның көмегімен қолын
ұзартқан франкфурттық бозбала туралы ақпарат таратты. Жігіттің мұндай әрекетке
не үшін барғанын білесіз бе? Селфиі сәтті шығу үшін. 17 жастағы Марсель Фрикенің
қолы селфи жасауға қысқалық етсе керек. Оң жақ қолына арнайы ота жасатып, оны
38 см-ге ұзартқан. Енді жас жігіттің оң қолының ұзындығы – 104 см. Марсель қазір
Франкфурттағы Қасиетті Кристофер ауруханасында жатыр екен. Ол ауруханадан
аман-есен шығып, өз отбасымен,
ауруханадағы дәрігерлермен бірге селфи жасауға асық.