Кастро конституцияны өзгертпек

Кастро конституцияны өзгертпек

Кастро конституцияны өзгертпек
ашық дереккөзі
Куба – унитарлық мемлекет. Кезінде социалистік Куба республикасын қажымас, қайсар қайраткер Фидель Кастро Рус 1959 жылдан 2008 жылға дейін басқарды. Одан соң Бостандық аралын билеген оның інісі Рауль Кастро енді 1976 жылы қабылданған құжатты қайта жазып шығу керектігін алға тартып отыр. Оның айтуынша, конституцияға 1992 және 2002 жылдары толықтырулар мен өзгерістер енгізілсе де, бірқатар жайттар ескерілмеген. Осылайша, бұл шаруаны өз бақылауына алған Р.Кастро арнайы комиссия құруға пәрмен берді. Мемлекеттік және министрліктер кеңесінің өкілі Мигель Диас-Канельдің пікірінше, құжатты қайта өңдеудегі мақсат – ел азаматтарын тегін медициналық көмек және тегін білім алумен қамтамасыз ету. Сондай-ақ, елді екі бес жылдық мерзімнен артық басқаруға шектеу қою, жеке кәсіппен айналысуға мүмкіндік беру, тіпті, біржынысты некені заңдастыру жағы да қарастырылмақшы. Себебі Рауль Кастроның қызы Кубадағы біржыныстылардың құқығын қорғаушы танымал тұлғаның бірі. Ресми деректерге сәйкес, заңнаманың экономикалық және әлеуметтік мәселелерге байланысты баптарында өзгертулер болады. 1976 жылдан бері 3 рет толықтырулар енгізілген. Алғашқы өзгерту 2011 жылы Кубаның экономикалық ахуалын жақсартып, шетелдік инвестиция мөлшерін арттыру мақсатында жасалған еді.