Ташкентте Арал мәселесіне қатысты халықаралық конференция өтеді

Ташкентте Арал мәселесіне қатысты халықаралық конференция өтеді

Ташкентте Арал мәселесіне қатысты халықаралық конференция өтеді
ашық дереккөзі
8 маусымда Ташкентте «Арал апатының салдарын бірлесіп жою: жаңа мүмкіндіктер, инновациялық шешімдер, инвестиция» тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Экологиялық қозғалыстың баспасөз қызметі жергілікті БАҚ-қа хабарлағандай, конференцияның мақсаты — Аралды құтқару халықаралық қоры аясында аймақтармен проблеманы бірлесіп шешу. Форумға Орталық Азия елдерінің қоғамдық ұйым өкілдері, министрлік, парламент өкілдері және әлемнің 20 елінен экологиялық сарапшылар қатыспақ. Конференцияға келетін қонақтардың ішінде БҰҰ бас хатшысының адам қауіпсіздігі жөніндегі кеңесшісі Юкио Такасу бар. Ол БҰҰ бас хатшысының құттықтау сөзін оқиды. 7 маусымда конференцияға қатысушылар Арал түбіндегі Нүкіс, Мойнақ аймақтарына барып, кеуіп қалған кемелерді көздерімен көрмек. Сонымен бірге жергілікті жердің тұрғындарымен кездеспек.