БІЛІМНІҢ БАҒБАНЫНА АЙНАЛҒАН АЗАМАТ

Көпжасар Нәрібайұлы. Қазақстан Республикасы үкіметінің мүшесі, білім министрі, 1991-2001 жылдары еліміздің бас оқу орны – Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің ректоры, академик, өтпелі кезеңнің танымал тұлғаларының бірі. Бұл, әрине, ол атқарған лауазымдар мен иемденген атақ-абыройдың сыртқы көрінісі ғана. Ал осы аталған атақ пен абыройдың астарында, арғы қатпарларында жатқан, көрінген жерде айтыла бермейтін ойлар мен пікірлер жөнінде жазу жеңіл-желпі нәрсе емес.

Осы орайда тарихшы ретінде көңілде жүрген бір түйткіл туралы айта кетейін. Жақында мынадай бір фактіге кезіккенім бар. Еуропалық елден келген зерттеуші-ғалым советтік кезеңде биік лауазымды қызметтерде болған еліміздің азаматтарынан тарихи интервью алуға келіпті. Ондай сұхбат беруге аға буын отандастарымыз да келісім берген сияқты. Екіұдай күйге түстім. Советтік жүйені сырттан емес, ішінен білетін сол аға буын өкілдерінен тарихи-сұхбат алуды өзіміз бастап, бұл іске кең өріс бере алмағанымызға өкіндім. Сонымен бірге «өз сырымды өзгеге емес, өзіме айтамын» деген шешімдегі тұлғаларымыз көбірек болса екен деп те тіледім.

Мәселе мынада. Аға буын ұрпақтың мемлекет басқару ісіндегі бай тәжірибесі тек олардың өзіне ғана тиесілі құндылық емес, барлық өркениетті қоғамда қабылданғандай, ол тәжірибенің, мүмкін болғанша, кейінгі буын ұрпақтарға да қызмет жасағаны жөн.

Сонымен, Көпжасар Нәрібайұлы кім деген сауалға жауап іздейтін болсақ, ойға алдымен орала кететіні – білім жүйесіне жаңалық енгізуге күш салған министрдің тұлғасы көз алдымызға келетіні хақ. Д.А. Қонаев бастаған сол тұстағы қазақ басшылығы кезінде «білімді ұрпақ – адаспайтын ұрпақ» ұстанымында жұмыс жүргізіп, жігерлі түрде жоғары және арнайы оқу орындарын көптеп ашты. Бұл стратегиялық тұрғыдан өзін толық ақтаған іс еді. Мәселен, осы тарихи кезеңде елдегі оқу орындарының саны 26-дан 55-ке, оларда білім алған студенттердің саны 70 мыңнан 275 мыңға, ал жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың саны 9 мыңнан 22 мыңға жеткен. (К.Нәрібаев. Тұлғаларға тағзым. Алматы, 2012, 73-б.) Міне, бұл келтірілген сандық фактілерден осы кезеңде кадр даярлау ісінің республикада жоғарғы деңгейге көтеріліп, дұрыс жолда тұрғанын байқауға болады. К.Нәрібаевтың білім министрлігіндегі қызметі (1976-1986 жж.) осы кезеңнің соңғы да маңызды онжылдығына тұспа-тұс келеді екен.

1986 жыл. Бұл ұлт тарихындағы жолайрық кезең. Осы жылы халық сол уақытқа дейін жүріп өткен жолын, көрген-білгенін (советтік реформалар, саяси репрессия, аштық, соғыс) ой елегінен өткізгендей күй кешті. Сол арқылы ол кемелдіктің кезекті белесіне көтерілді. Сонымен бірге 86-ның желтоқсаны ұлттық сананың сынға түскен сәті де еді. Сол бір тарихи кезеңге тиесілі құжаттық материалдар не дейді?

Осы ретте өткен тарихымыздағы голощекиндік кезеңді еске салатын мынадай жағдай еріксіз ойға оралады. Ол советтік идеология органдарының Қазақстандағы басшылық қызметтегі азаматтардың, шығармашылықтағы зиялылардың ұстанымынан ұлтшылдықтың көрінісін іздеуі еді. 1986 жылы ақпан айында болып өткен Қазақстан компартиясының XVI съезінде сөйлеген Орталық Комитеттің идеология бойынша хатшысы, міне, осы қазақ ұлтшылдығының көрінісін білім беру жүйесінен тапқандай болды. Оның нақты көрінісі жоғары оқу орындарында оқитын жастардың басым бөлігінің қазақ жастары екендігі еді. Қазіргі күн тұрғысынан қарағанда бұл, әрине, ұлттық санаға, бірегейлікке жасалған мақсатты шабуылдың нақты көрінісі болатын. Сол кезеңдегі жоғары және арнаулы орта білім министрі К.Нәрібайұлы осы аталған съезде айтылған сынға орай бірінші басшы Д.А. Қонаевтың өзін арнайы шақырып: «Министр жолдас, кеше съезде қазақтарды көп оқытып қойды деп бізге ауыр сын айтылды… бұл саяси мәні бар мәселе, бізден ұлтшылдықтың ізін іздеп отыр» деген ойды айтып, соған байланысты дәйекті жауап даярлау жөнінде тапсырма бергенін еске алады.

Араға он шақты күн салып, тиянақты жауап даярлаған министр республика басшысына берілген тапсырмаға сәйкес есеппен қайта барады. Даярланған жауаптың негізгі түйінінен үзінді келтірейік: «…сол кезде республика бойынша студенттер саны 282,8 мың, олардың ішінде қазақтары – 53,9%. Ал сол жылғы халық саны 16 млн, қазақтардың үлесі – 38,6 %. Осыдан барып, қазақ студенттерінің үлесі де 38,6 % болуы керек деген жаңсақ пікір туған.

Статистика мен демография ғылымдарының дәлелді тұжырымына сүйенсек, қазақ студенттерінің үлесін анықтау үшін бүкіл халықтың санын емес, тек оқу жасындағы жастардың санын есепке алу қажет, ал бұл топтағы қазақ жастарының үлес салмағы әлдеқайда көп. Мәселен, сол жылдары мектеп бітіріп, жоғары оқу орындарына емтихан тапсыруға құқылы жастардың 55,7% қазақтар еді. Қайсыбір жылдары бұл көрсеткіш 58-60 пайызға дейін көтеріліп отырған. Ал студенттердің ішіндегі қазақтары – 53,9 %. Сонда олардың үлес салмағы шектен тыс деуге негіз бар ма?».

Министрдің келтірген уәжі нанымды еді. Тағы бірде қабылдауында болғанында Димаш Ахметұлы: «Көпжасар, Мәскеу тексеріп жатыр деп қаймықпа. Ешкімге де жалтақтамай, қазақтың балаларын оқыта бер. Исі қазақтың Отаны осы. Өз елінде оқымаса, қайда оқиды олар? Және оларды сен оқытпасаң, мен оқытпасам, кімнің жаны ашиды? Ойлан, шырағым, өз халқың үшін қызмет ет. Ал мұндай үлкен істерді үндемей жүріп бітіру қажет», – деген тұжырымын айтады.

Осы баяндалған фактілердің ізін ала күркіреген күндей, найзағайдың жарқылындай 86-ның желтоқсаны келіп қалған еді. Университетте оқытушылық қызметте жүргенмін. Көтерілістің алғашқы күні кешінде факультеттің партия ұйымының хатшысы мені және тағы бір әріптесімді студенттер жатақханасына кезекшілікке жіберді. Түнгі сағат 2-3 шамасы болса керек, бас корпуста өткелі жатқан жиналысқа шақырылдым. Акті залына біраз оқытушы және факультет басшылары жиналған екен. Облыстық саяси-ағарту үйіне Мәскеуден сол күні кешінде келген М.С. Соломенцевпен болған кездесуге кеткен университет ректоры мен партия ұйымының хатшысын күтіп біраз отырып қалдық. Сол арада физика факультетінің белсенді доценті жиналған жұрттың алдына шығып: «Бұл мемлекеттің қарулы күштері қайда, олар тез арада мына алаңға шығып, есірген тобырды неге басып тастамайды?», – деп елірген сөзі құлағымнан ешуақытта кетпейтін шығар. Мұндай ойда ол жалғыз емес-тін. Университеттің партия ұйымы бюросының мүшесі студенттердің ғимарат қабырғаларына бормен «Намысымызды таптатпайық!» деген мағынада жазып кеткен сөздерінен, әрине, болашақ мамандардың «қазақ ұлтшылдығы» рухында тәрбиеленіп жатқандығын көріп, сөйлеген сөздерінде бұл құбылыспен ымырасыз күрес жүргізуге шақырды. Біздің факультетте оқитын, күнделікті өмірде қойдан жуас, аса ізетті студент сол күндері күтпеген мінез көрсетіп шыға келгенін қалай байқамассың. Тура осындай мазмұндағы мінезді арамызда жүрген отандас ағаларымыз да байқатты. Солардың бірі «Алаңға шыққандардың барлығы дерлік оңтүстіктің балалары екен, оларға пулеметпен жауап бергенде сауап болмақ еді», – деп кафедрада отырып айтқан сөзі есімде.

Сонымен не керек, акті залына Соломенцев пен Колбин қатысқан жиналыстан соң, жоғары білім министрі К.Нәрібаев, университет ректоры Е.Ерғожин және партия ұйымының хатшысы В.Чесноков келді. Олар өз тарапынан саяси-ағарту үйінде партия және совет активімен болып өткен мәжілістен қысқа ғана мәлімет берумен, соған байланысты атқармақ шараларды қысқа ғана баяндаумен шектелді. Сол жолы Көбекеңнің іштей булығып, әдеттегідей көсіліп сөйлеп кете алмағанын байқадым. Желтоқсан күндері дүлей күшпен бетпе-бет келген ел азаматтарының ауыр жағдайын ой елегінен өткізудің өзі де қиын еді. 30-шы жылдардағы репрессия науқанын еске салатын көңіл күйі Алматы көшесін кезіп жүрді. Маған Алатаудан басқа қазаққа қорған бола алатын күш жоқ сияқты көрінді.

Ертеңінде газет бетінде М.С. Соломенцевтің Қазақстанда жоғарғы білімді кадрлар даярлау ісі сұраныстан тыс көлемде жүруде деген мағынада айтылған сөзі жарық көрді. Бұл ойын анықтай түсіп ол: «…студенттер іріктеуде бұрмалау бар. Кадрларды осылайша іріктеу керек пе еді? …Алматыда мектепке дейінгі мекемелер де ұлттық белгі бойынша құралатын болған ба? …Бүкіл оқыту мен тәрбие қазақша өткізіледі… Қалаға қоныстандыру ісінде де басын ашып алатын жайттар аз емес. Мәселен, Алматыда, кезінде мен осында жұмыс істегенде қазақ тұрғындары 8% болғаны есімде. Дұрыс па айтып тұрғаным? Ал қазір 16%. Екі есе өскен» (86 – Желтоқсан. Ұлт теңдігі көтерілісі. Бірінші кітап. Алматы, 2006 49-50 б.б). СОКП ОК саяси бюросы мүшесінің бұл пікірінің патшалық Ресейдің генералдары мен генерал-губернаторларының кезінде айтқан пікірлерінен қандай айырмашылығы бар? Елді сыйламаудың үлгісі нақ осындай-ақ болар. Өз ретінде айта кеткен жөн, Орталық Комитет хатшысының бұл айтылған ойы, әрине, Мәскеудегі жоғары биліктің қазақ халқына қатысты ішкі ұстанымын білдіретін еді. Сонымен бірге Мәскеулік орталықтың Қазақстандағы білім жүйесіне соншалық шұқшия қарауы да жайдан-жай еместігін, мәселенің түп-тамырын тура түсініп отырғандығының көрінісі болатын.

К.Нәрібайұлы 1986 жылы министрлік қызметінен кетірілді. Араға 5 жыл салып еліміз тәуелсіздігін алды. Бүкіл қоғам, оның жоғары білім жүйесінің алдында да жаңа міндеттер тұрды. Осы өмір сұранысын терең түсінген мемлекет басшысы К.Нәрібайұлын еліміздің бас жоғары оқу орны – Қазақ мемлекеттік университетіне ректорлық қызметке тағайындады. Осылай оның өмірінің жаңа да құнарлы кезеңі басталған еді.

Жоғары білім жүйесі күрделі организм. Оны уақыт сұранысына бейімдеу ісін қолға алған кісінің үлкен тәжірибесі, білім парасаты, мінезі болуы қажет. Ал ол кезде еліміздегі білім жүйесі одақтың білім жүйесіне байлаулы болды, онымен кіндігі бір еді. Тағы бір ерекшелігі оның аудиторияларынан ұлттық рух қуылып тасталған болатын. Ал оны қайтару, аудитория төріне шығару бір күндік жұмыс емес екендігі түсінікті. Кеше ғана «ұлтшыл» министр атанған, енді, міне, ректор К.Нәрібайұлы бұл шаруаны университеттің атын өзгертуден бастады. Ол ұжым босағасын ректор болып аттағаннан төрт-бес айдан соң, яғни 1991 жылы қазан айында Қазақстан Үкіметінің арнайы қаулысымен университетке әлемдік ғылымда екінші ұстаз аталған, ортағасырлық ағартушылықтың көш бастаушысы әл-Фарабидің есімі берілді.

Бір қарағанда университетке ортағасырлық ұлы ғалымның есімі берілуі соншалықты маңызды оқиға болып қабылданбауы да мүмкін. Осы ретте мынадай жағдайды ескерген жөн. Біздің қоғамның тарихи жадына советтік кезеңде идеологиялық аппарат тарапынан мақсатты да жойқын шабуылдар жасалып, оны терең әрі жағымсыз өзгерістерге ұшыратты. Соның нәтижесінде халық өзінің рухани бұлақтарынан қол үзіп, табиғатына жат, мүлдем басқа өркениетке сіңіп, өзінің ұлттық бірегейлігін жоғалтудың алдында тұрды. Басқаша айтқанда, советтік билік ыдырауға ұшыраған сәтте жаңа басқарушы биліктің алдында қазақ ұлтын біржола жоғалып кету қаупінен кері қайтару міндеті тұрды. Сол міндеттердің бірі – ұлттың тарихи жадын жаңғырту еді. Ал әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари сияқты орта ғасырлық орта азиялық ағартушылықтың басында тұрған тарихи тұлғалардың идеялық және шығармашылық мұрасын насихаттау – бұл елді адасып қалған өзінің рухани бұлақтарымен қайта табыстыру әрекеті еді.

Қазақша айтқанда, ұлттық жоғары бас оқу орнына әл-Фарабидің есімі берілуі жақсы ырым, елді өзінің табиғи арнасында өсуге бастайтын жағымды идеяларға жол ашудың көрінісі болатын. Кезінде ректордың бұл әрекетін тура түсінгендер де, тура түсіне алмай, тосырқағандар да болды. Тосырқағандардың болуы әлгі ұлттық арнада ойлану мәдениетінен көз жазып қалғандықтың салдары еді. Осы соңғы жаңылыс үрдісті жеңу үшін ректор университетте әл-Фараби ғылыми зерттеу орталығын ұйымдастырып, оған басшы ретінде талантты ғалым, философ Ақын Хайруллаұлы Қасымжановты белгіледі. Орталықтың қызметі басым түрде ұлы ғалымның еңбектерін қазақ және орыс тілдеріне аудару, сондай-ақ, оларды кең түрде ғылыми айналымға енгізу, ең негізгісі, әрине, ол еңбектердің мазмұнын студенттік аудиторияларға жеткізу болды. Осы мақсатта университеттің барлық факультеттерінде фарабитану сабағы енгізілді. Орталықтың жұмысына Ауданбек Көбесов, Құбығұл Жарықбаев сияқты белгілі педагог-ғалымдар тартылды. Міне, осы атқарылған жұмыстар ғылыми тұрғыдан ізденіс жолында тұрған жас өркен үшін жасалған тамаша мүмкіндік еді.

К.Нәрібайұлының ректорлығы тұсында Қазақ ұлттық университеті елімізде алғашқы болып автономиялық статус алды. Университеттің автономиялығы бұл батыс елдерінде ертерек қалыптасқан мәдениет және дәстүр. Оқу орнының өзін-өзі басқара алу мүмкіндігі дегенді білдіреді. Ол үшін университеттің ғылыми әлеуеті, материалдық базасы жетерлік болуы шарт. Ең негізгісі, әрине, оқу орнының еркін өсіп-өркендеуіне жетерлік қаржысы, оқытушы профессорларының алаңсыз педагогикалық және ғылыми жұмыспен айналысуға жарайтын жалақысы болуы қажет. Автономиялық еркіндік ұжымының шығармашылық мүмкіндігін ашатын жол еді.

К.Нәрібайұлының ректорлығы қоғамның тарихи санасындағы түбегейлі өзгерістерге, оның сұраныстарына сәйкес тарих ғылымындағы аласапыран концептуалды ізденістерге тұспа-тұс келді. Түрлі ғылыми жұмыстарға байланысты ректордың қабылдауына баруға тура келетін. Сондай бір қабылдауда Көбекең «Ұлттық университет үшін филология және тарих факультеттерінің орны ерекше, мәселен, математика, физика және басқа жаратылыстану факультеттерінің біздің еліміз үшін, оны табиғи және басқа ерекшеліктерімен сұраныстарын қанағаттандыруда маңызы, әрине, үлкен, дегенмен университетке ұлттық сипат, реңк беріп тұрған филология және тарих мамандықтары, осы жағдайды тура түсіну қажет» деген ойды айтты. Бұл, әрине, білім жүйесінің тылсым сырларын терең игерген, тәжірибелі де парасатты басшының аузынан шыққан маңызды пікір еді. Оны қалай ұмытарсың!

Көбекең үшін бұл жәй, қызыл сөз орнында айтылған пікір емес-тін. Университетте қызметте жүрген жылдары оған көзім жетті. Бірде маған жұмысқа атпал азамат, марқұм Айтан Нүсіпханұлы келіп, қолына М.Шоқайдың «Яш Түркістан» журналының тігіндісі түскенін, міне, осы аса бағалы басылымда ардақты Мұстафа ағамыздың түрлі кезеңдерде, түрлі тақырыптарға жариялаған еңбектерінің екі томдық жинағын баспадан шығару қоғамдық сұранысқа берілген жауап болар еді деген ойын айтты. Екеуміз ғылыми жұмыстар бойынша проректор З.А. Мансұровқа барып, үшеу болып ректорға кірдік. Ректор айтылған ұсынысқа бірден қолдау көрсетіп, А.Нүсіпханды университетке ғылыми қызметкер ретінде қабылдау туралы бұйрыққа қол қойды. Екі жылға жетер-жетпес уақытта М.Шоқайдың екі томдық таңдамалысы К.Нәрібайұлының алғысөзімен («Қайнар» баспасы, 1998, 1999) жарық көрді. Бұл ұлы қайраткер еңбегінің өз Отанына оралуының басы еді. Әлгінде ғана жарық көрген екі томдықты Көбекеңе алып барғанымда, ол кісі маған: «Тарихшылар қайраткер ағамыздың жары Мәрия Шоқайды соншалықты дәріптеп, мақтауын жеткізіп жатады, бұл пікір қаншалықты негізді, осы жағдайға байланысты не айтасың?» – деді. Мәселені тереңірек білгісі келді ме екен, әлде мені сынағысы келді ме, ол жағын білмедім, менің жауабым мынау болды: «Мәрия Шоқай Мұстафа ағамыздың өмірінің ең бір күрделі де ауыр кезеңінде жанында сенімді серігі, сүйікті жары болды. Осы міндетін өмірінің соңына дейін кіршіксіз таза атқарды. Анамыздың сол қажырлы да, кемеңгерлік қызметінің арқасында ұлы қайраткердің мұрасы бізге жетті. Осы тұрғыдан біз ол кісіге қарыздармыз».

Екі томдықты даярлаған Айтан Нүсіпханұлының қуанышында шек жоқ еді, қанаттанып жүрді. Өкінішке қарай, Айтакең көп ұзамай қайғылы жағдайда өмірден озып кете барды.

Міне, сол 90-жылдары университеттің және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының шақыруымен Түркияның Ришад Генч (сол кездегі Ататүрік атындағы тіл, мәдениет және тарих орталығының басшысы) бастаған он шақты тарихшы ғалымдары университетте қонақта болып қайтты. Ректордың қолдауымен Мұхаммед Хайдар Дулати, Ахмет Байтұрсынұлы, Ораз Жандосов және басқа тарихи тұлғалардың шығармашылық мұрасы мен қызметіне арналған көптеген ғылыми жиындар өткізілді.

Есімде, осы 90-жылдардың алғашқы жартысында болса керек, университетке арнайы сапармен Қырғызстанның Қ.Тыныстанов атындағы Қаракөл мемлекеттік университетінің ректоры Жолдош Жусаев бастаған басшылығы келіп, университеттің оқу процесі, ғылыми жұмысты жүргізу тәжірибесімен танысып, сонымен бірге екі оқу орны арасындағы өзара ықпалдастыққа байланысты келісім-шартқа қол қойып қайтты. Ол келісім-шарттың нәтижесінде әл-Фараби университеті қарақолдық әріптесіне қолдау көрсетті, жыл сайын оқуға 3-4 студент, аспиранттарды қабылдап, көрші елге маман кадрлар даярлау ісіне атсалысты. Жауап ретінде қырғыз ағайындар Ыстықкөл бойындағы әл-Фараби атындағы университеттің демалыс орнын оның меншігінде қалдырды.

Өз уақытында атқарылған осы және толып жатқан маңызды шаралар арқылы әл-Фараби атындағы университет ұжымы сол бір күрделі өтпелі кезеңде озық мәдениет, білім және ғылым шаңырағы ретінде өзін көрсете білді. Бұл ретте, ректор тұлғасының шешуші рөл атқарғандығы, әрине, түсінікті болса керек.

Бұл шағын мақалада мен Көпжасар Нәрібайұлы сияқты сан қырлы атпал тұлға қызметінің өзім білетін кейбір тұстарына ғана тоқталдым. Қоғамның, елдің көз алдында атқарылған бұл қызмет, әрине, анағұрлым нәтижелі. Осыдан төрт-бес жыл бұрын Көбекең «Алаш айнасы» газетіне ағалық сөзін айтып, сұхбат берді. Сол сұхбатында ол «Әлемдік өркениеттің негізін қалайтын ұлттық құндылықтар екенін біз ескеруіміз керек. Ал біз әлі күнге соны жоғары мектептің оқу бағдарламасына енгізе алмай келеміз», – деген пікірін білдірді. Бұл пікірді көпті көрген ойлы аға буын өкілінің жанашырлық, риясыз көңілімен ақылы ретінде қабылдап, осы арнада жұмыстар атқарғанымыз орынды болмақ.

Көпжасар Нәрібайұлы сексеннің сең­гі­рі­не шығып отыр. Білім жүйесінде саналы өмірін өткізіп, отаушы емес, бағбан бола білген ағамызға ұзақ ғұмыр, бақыт тілейміз.

 

Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ,

профессор

 

 

Редакция таңдауы

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...
1556887093 eskertk3shter

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін...
темекі

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте...
Наурыз мейрамы

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға...

Жаңалықтар

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігі мен Байсейітова көшесінің шығыс жағында Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады. «12 наурызға дейін Роза...

COVID-19: елімізде ПТР тест бағасы арзандап жатыр

Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен жасалған монополияға қарсы іс-шаратшеңберінде КВИ ПТР бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19...

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер...

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасы туралы айтты. «2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп...

3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

2018 жылы 3 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26 жылдығы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою...

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз. «2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке...

Өткен тәулікте елімізде 717 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақ бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 105, Шымкент қаласы - 12,...

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Былтыр мал ұрлаған азамат осы күнге дейін жасырынып жүрген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті «Мал ұрысы»...

«Алматы жастарына» 10 наурыздан бастап өтінім қабылданады

Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Алматы...

3 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Қазгидромет 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, қар мен жаңбыр жауып, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын,...

Ресейдегі Әлихан Бөкейханов зиратына гүл шоқтары қойылды

 1 наурызда еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Мереке идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және Қазақстанда тұратын барлық этностар бір-біріне және...

Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше, бұл — рекордты көрсеткіш.  15 қаңтардағы жағдай бойынша планетадағы ең бай адамдардың жиынтық...

Қытай 15 жылда елімізге 19,2 миллиард доллар инвестиция құйған

2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард доллар болған. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты,...

Аязда үсіп өлген 5 жасар бала қайтыс болар алдында зорланған

Ресейдің Саратов облысының Вольск қаласында көшеде өлі күйінде табылған бес жасар бала қайтыс болғанға дейін зорланған. Бұл туралы Life Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru...

Елбасы Қырғызстан басшысымен кездесті

Келіссөз басталар алдында Елбасы мен Қырғыз Республикасының Президенті Назарбаев орталығындағы экспозицияларды аралап көрді, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Садыр Жапаровты Қырғызстан Президенті болып...

Байқоңырдан Ресейдің құпия құрылғылары ұрланды

Белгісіз біреулер Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің құпия электроникасын ұрлап кеткен. Бұл туралы  "112" Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Арнаның мәліметінше, 1988 жылы "Буран" ғарыш кемесімен...

Психолог 8 наурызда аруларға сыйланатын ең сәтсіз сыйлықтарды атады

Психология ғылымдарының кандидаты Юлия Кочетова 8 наурызда әйелдерге cыйланатын ең сәтсіз сыйлықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды "Москва" жаңалықтар агенттігі.  Маманның айтуынша, ең жауыр болған сыйлық...

Балалар құқығын қорғау туралы заң: 3 кодекске 35 түзету енгізілмек

Құжатты саралайтын жаңа жұмыс тобының құрамында 65 адам бар. Парламент мәжілісінің депутаты Динара Закиева қоғамда қызу талқыға түскен балалар құқығын қорғау бойынша заңнамалық актілерге...

Белгісіз коллекционер Черчилльдің суретін рекордтық бағаға сатып алды

Анджелина Джоли Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль салған "Кутубия мешітінің мұнарасы" картинасын рекордтық бағаға сатты. Белгісіз коллекционер картина үшін 8,2 миллион фунт стерлинг төлеген,...

Зеленский үндістандық вакцинаны салдырды

Украина президенті Владимир Зеленский Донбассқа сапары кезінде коронавирусқа қарсы вакцина алды. Вакцинация Үндістанда өндірілген Covishield препаратымен жүргізілді, деп хабарлайды korrespondent.net. Президент Жоғары бас қолбасшы ретінде вакцинаны...

Головкин vs Мунгия: Жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды

Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы (әлі IBO титулына ие) титулын мексикалық боксшы Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО)...

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ТЖД өкілдері бала Аққайың ауданы Новороссийск ауылында қаза...

“Ұлытау” тобы АҚШ-та өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті

Қазақстандық "Ұлытау" этно-рок тобы Лос-Анджелесте өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды, оған әлемнің 83 елінен қатысушылар келген. Бұл туралы Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде топ...

Дәрігерлер карантиндік шектеулерді күшейтуді талап етті

Бразилиялық дәрігер ел билігінен коронавирусқа қарсы шектеу шараларын күшейтуді талап етті, деп хабарлайды РИА Новости.  Ел ауруханаларында орын жоқ, науқастар ем алу үшін кезек күтуге...

Биыл магистранттар шетелде тәжірибеден өте ала ма?

Бүгінде қазақстандық магистранттар COVID-19 пандемиясына байланысты шетелде тағылымдамадан өте алмай отыр. Әлемде және Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайса, магистранттарды шетелге тағылымдамаға жіберу мәселесі қаралады....

Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігінің​ келісімімен өңір басшысының өкімімен​ Ақтөбе облысы​ әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ермек Кенжеханұлы...

ТЖМ Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Сел ұстайтын бөгеттер құрылысына байланысты Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу енгізіледі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. «Қар мен ылғал қорының жиналуы...

Жасөспірімдерді тәртіпке шақырмақ болған алматылық полицей құрылысы бітпеген үйден құлап кетті

Алматыда полиция қызметкері қараусыз қалған құрылыс нысанынан құлап, жарақат алды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау ауданының ювеналды полиция қызметкері құрылысы бітпеген көпқабатты үйдің төбесіне...

Аралас оқу форматы: Оқушылар мектеп формасын киюге міндеттеле ме?

Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ.  Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.  «Оқушының ауырып қалуы немесе науқас...

Жамбыл облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бейқұт Жамангозов тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Бейқұт Тілебалдыұлы 1969...

2 наурыз еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалармен есте қалды?

2 наурыз күні әр жылдары еліміздің тарихында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасы...

Горбачев өмір сүру ұзақтығы жөнінен кеңестік көшбасшылар арасында рекорд орнатты

КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев кеңестік көшбасшылар арасында өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы Кремль пулының журналисі Дмитрий Смирнов өзінің "№3 пул"...

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді

Ақорда резиденциясында Қырғыз Президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы Қазақстан мен Қырғызстан...

Жастарға ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға гранттар берілмек

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіптік кешенді қолдау іс-шараларының бірыңғай электрондық ресурсы құрылады. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында салалық мемлекеттік қолдау...

Еліміздегі сұранысқа ие әлеуметтік желілердің тізімі жарияланды

Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желілер белгілі болды, – деп жазды Ranking.kz. Statcounter Global Stats мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі Facebook атанды,...

Мәулен Әшімбаев: Ұлтқа адал еңбек етудің озық үлгісін көрсеткен текті азамат

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, академик, техника ғылымдарының докторы Өмірбек Жолдасбеков туралы фейсбуктегі парағында өз пікірін жазды. Онда...

Президент жанындағы ҚСЗИ-да Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы тағайындалды

2021 жылдың 1 наурызында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова ұжымға ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жаңа басшысын...

29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды

1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан тәуелсіздігін дүниежүзілік қоғамдастық мойындаған ел тарихындағы маңызды оқиғаға толы күн. 29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 168-ші мүше-мемлекет...

Қырғызстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Алдағы бес жылда ауыл халқына 250 млрд теңгенің несиесі беріледі

2025 жылға дейін 50 мың микрокредит беру көзделген. Былтыр ауылға берілген шағын несиелер есебінен 11 мың жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  Үкімет отырысында агроөнеркәсіп...

Павлодарда пара алды деген күдікпен ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметтегі «қамқорлығы» үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алды деген күдікпен «ҚТЖ ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады. Ол...

Жапонияда коронавирустың британдық штамы тарап жатыр

Жапонияның батысындағы Кобе қаласының билігі бұл аймақта вирус жұқтырғандардың арасында коронавирустың жаңа британдық штамын жұқтырғандар саны көбейгенін хабарлады. ҚазАқпараттың NHK телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, ақпанның...

«Дарындылар пулы»: электронды үкіметтің кадр резервіне өтінім қабылдау басталды

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының «Дарындылар пулына» өтінім қабылдау басталды.  Корпорацияның кадр резервіне өтініш бергісі келетін үміткерлерге talent.gov4c.kz сайтында тіркеуден өту қажет. Өтінім беру кезінде жүйеде...

Сауд Арабиясы вакцина салдырған келушілерді ғана қажылыққа қабылдайды

Мұсылман қажылары жаңа коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін ғана Мекке мен Мединедегі қасиетті орындарға үлкен және кіші қажылыққа бара алады. Мұндай шешімді Сауд Арабиясы билігі...

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 214 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 658 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 65 Алматы қаласы - 102 Шымкент қаласы - 17 Ақмола облысы -...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

2 наурыз күні солтүстік-батыс циклонымен байланысқан атмосфералық ауа ағыны әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі...

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Сyber News сайтына сілтеме жасап. Танымал хакерлік форумның...

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір жыл нақты қамауда болады. Сот оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп тапты.

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің...

БҒМ 1 наурыздан бастап мектептерде сабақ қалай өтетінін түсіндірді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 наурыздан бастап мектептердегі рұқсат етілген аралас форматта оқыту барысын түсіндірді. Вице-министр Facebook-тегі парақшасында 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының...

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш қойылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында бұл ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналатынын атап өтті. «Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған...

Пандемия: кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді және кейбір төлемдер алынып тасталды. Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі...

Түркістан өңірінде 100-ге жуық белсенді «Nur Otan» партиясы қатарына қабылданды

Бүгін Түркістанда 1 наурыз – Партия күніне орай, бірқатар азаматты «Nur Otan» партиясына қабылдау іс-шарасы өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен...

Алматыда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Әлеуметтік желіде Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғанын байқауға болады....

Наурыз айында күн райы қандай болады?

Еліміздің көптеген аймақтарында күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы мәлімдеді.  Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондардың өтуімен және...

Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Алғыс айту күніне орай былтыр ғана облыс орталығында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Онда қалалық зиялы қауым өкілдері,...

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған отбасыға баспана берілді

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына жаңа баспана берілді. Oқиға биыл 18 ақпанында облыс орталығындағы Әл-Фараби мөлтек ауданында орын алды. Оқиға орнына шұғыл жеткен...

Алматыда КамАЗ көлігі жер астына түсіп кетті

Алматыда КамАЗ жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиғаның видеосын куәгерлер таратты, ал дәрігерлер көлік жүргізушісі жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде...

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ. Адамға алғыс айтқанымыз – Аллаға шүкір еткеніміз

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Аллаға мадақ, пайғамбарға салауаттар болсын! Елімізде шуақты көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесімен басталады. Баршаңызды бірлік пен мейірімге...