Ақтауда майдангерлер баннері орнатылды

Ақтауда майдангерлер баннері орнатылды

Ақтауда майдангерлер баннері орнатылды
ашық дереккөзі
Жеңіс мерекесінің 73 жылдығы қарсаңында Ақтаудағы орталық көшелерге майдангерлер суреттері салынған баннерлер орнатылды, деп хабарлайды 24.kz. Бас-аяғы 19 билборд Тұңғыш Президент даңғылы бойындағы автобус аялдамалары мен көпшілік көп жүретін теңіз жағалауына қойылған. Баннерлерден ҰОС ардагерлерінің фотосуреттерін, өмірбаяны, жауынгерлік жолы мен ерлігі үшін алған наградаларын көруге болады. Ғабит Мүсірепов, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы: - Өскелең ұрпақ қаһарман аталарының ерен ерлігін ешқашан ұмытауы керек. Баршамызға бейбіт өмір сыйлаған майдагерлердің фотосуреттері мен жауынгерлік жолын өңір тұрғындарына көрсету мақсатында осы жобаны қолға алған болатынбыз. Маңғыстаулық жауынгерлердің де Ресей, Украина, Белоруссия қалаларын жаудан азат етуге қатысып, Ұлы Жеңісті Берлинді қарсы алғандары біз үшін зор мақтаныш, биік мәртебе.