26 Сәуір 2018, 18:09 2099 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Қыздар Университетінде «Дара» арт-галереясы ашылды

Қыздар Университетінде Қазақстан жас ғалым-педагогтарының республикалық Слеті өтті

Тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, отандық жоғары оқу орындарының ректорлары мен мемлекет және қоғам қайраткерлері, жас ғалымдар қатысты.

Қазақстан жас ғалым-педагогтарының бірінші республикалық Слетінің ашылу салтанатында Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова министр Ерлан Сағадиевтің құттықтау хатын оқып берді.

– Қымбатты еліміздің жас ғалым-педагогтары, бірінші Республикалық Слеттің қонақтары! Сіздерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің атынан және өз атымнан Қазақстан жас ғалым-педагогтарының бірінші республикалық Слетінің ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін ғылым мен білім саласындағы тарихи күн.   Өйткені  еліміздің жас ғалым-педагогтарының тың идеялары мен жаңаша ой-пікірлерін бөлісуі үшін алғаш рет өзара диалог алаңы құрылуда. Тұңғыш рет еліміздің белді жас  ғалым-педагогтары бірігуде. Сондықтан бұл маңызды да ауқымды кездесу болмақ. Қазіргі таңда білім мен ғылымның қарқынды өзгеру заманында еліміздегі жастардың ғылыми әлеуетін арттыру – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақ. Олай болса бүгінгі Слеттің басты мақсаты  да – мемлекет пен қоғам дамуына белсенді қызмет ететін, жаңаша тұрғыдан ойлайтын жас педагог-ғалымдарды біріктіру болып табылады, – делінген құттықтау хатта.

Басқосу барысында Қазақстан жас педагог-ғалымдарының Қауымдастығы құрылды. Қауымдастықты құру 2018 жылғы 10 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған Жолдауы негізінде жасалды. Қауымдастықтың құрылтайшысы – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.

– Қауымдастықты құрудағы басты мақсат – мемлекет пен қоғам дамуына белсенді қызмет ететін, жаңаша тұрғыда ойлай алатын жас педагог-ғалымдарды біріктіру, олардың диалог алаңын құру. Сонымен қатар, білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелер бойынша жас педагогтардың жүйеленген пікірлерін мүдделі тараптарға жеткізу, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді технологияларымен алмасу, ғылыми-зерттеулер жүргізу және шетелдік жоғары оқу орындары, колледж, мектептердің жас педагог-ғалымдар Халықаралық Қауымдастықтар, одақтар, кеңестермен байланыс орнату да қарастырылған, – дейді Қыздар Университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова.

Қауымдастыққа мүше ретінде 35 жасқа дейінгі жоғары білім беру жүйесінде қызмет ететін, педагогика саласында ғылыми зерттеу тәжірибесі бар оқытушылар тіркеле алады.

Сонымен қатар, шара барысында Латын әліпбиін үйрету орталығында шеберлік класы, «Ақтұмар» мұражайы: тарих беттерінен» тақырыбындағы көрме және «Көркем галерея: оқытудағы шабыт» атты кескіндеме және гобелен бойынша шеберлік класын өткізілді. Сондай-ақ, Кешенді химия-биология ғылыми зерттеу орталығы, «Жаңартылған энергия көздері» зертханасы мен Психология-педагогикалық түзету кабинетінде Қыздар Университетінің ғылыми зерттеу жобалары көпшілік назарына ұсынылды. Оқу орнының жас ғалымдарының Физика, IT, География, Филология, Хореография салалары бойынша шеберлік кластары да ұйымдастырылды.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Дара» педагогикалық-психологиялық орталығы ашылды


Коррекциялық кабинет «Дара» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жоғары оқу орнының базасынан алғаш рет пайдалануға беріліп отыр. Мақсат – еліміздегі арнайы және инклюзивті білім беруді институтционалды қолдау және Дефектология мамандығында оқитын студенттер мен магистранттарды практикалық, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру.

Бұл орталық мүмкіндігі шектеулі балалардың адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, олардың өмірге деген құштарлық сезімдерін ояту, ой-өрістері мен ойлау қабілеттерін жетілдіріп, толыққанды азамат дәрежесіне жеткізу мақсатында жұмыс жасайды.

– Баршаңызды педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Жалпы білім беретін мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. Бүгінгі орталықтың ашылуымен тағы да құттықтай отырып, бала саулығы мен оқыту жолындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді орталықтың ашылу рәсімінде Қыздар Университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова.

Қыздар Университетінде «Дара» арт-галереясы ашылды

Шара Қазақстан жас ғалым-педагогтарының I республикалық Слетінің қарсаңында пайдалануға беріліп отыр

Арт-галереяның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, отандық жоғары оқу орындарының ректорлары мен жас ғалымдар қатысты.

Мақсат – оқу орнының кәсіби қылқалам шеберлерінің еңбектерін кеңінен дәріптеу. Арт-галереяда Қыздар Университетінің Кәсіптік білім кафедрасының профессор-оқытушылары мен студенттерінің 20-дан астам картинасы қойылған. «Дара» атауына сәйкес, галереяға қойылған өнер туындылары ортақ идеяға бағынып, бір тақырыпты қаузайды.  Ол –  еліміздегі тек қыздар білім алатын бірден-бір жоғары оқу орнының өзіндік ерекшелігі, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, этнотақырыптар және туған елдің табиғаты. Тек бояу, стиль және жанры әртүрлі.

– Картиналар ілінген қабырғаларға жағалата көз салғаннан-ақ ашық түсті бояулардың жарқын, жайдары табы сезіліп, жаныңнан самал есіп өткендей болады. Көркем әдебиетте кездесетін шымыр оқи­ға, сәтті сюжет, қызықты баян­дау, к­е­лісті ұйқас деп жататын тәсіл­дің бәрі бояу күшімен ке­неп­тің үстіне көшіп алғандай әсер береді. Қы­л­қалам шеберінің жет­кіз­гісі келген идеясы көңіл-күймен ке­ремет сабақтасқан, – дейді шара ұйымдастырушылары.

 

Соңғы жаңалықтар