«Абу-Даби Плаза» жұмысшылары екі айлық жалақыларын талап етті

Астанада «Абу-Даби Плаза» жұмысшылары екі айлық жалақыларын талап етті. Астанада «Абу-Даби Плаза» кешенін салып жатқан жұмысшылар соңғы екі айдан бері айлық алмаған. Бір топ құрылысшы президенттік «Нұр Отан» партиясына барып, партияның Астанадағы филиалы төрағасының орынбасары Бақыт Сапаровпен кездескен.

Мердігер World Monitor компаниясында жұмыс істейтін жұмысшылар құрылыс басында жұмыс жағдайының нашарлығына да айтқан.

Жұмысшылар компания басшылығымен кездесе алмайтынын, себебі «олар мекенжайын жиі ауыстыратынын» айтады.

Бақыт Сапаров жұмысшылардан шағымын жазбаша күйде қабылдап алып, бұл мәселеге байланысты компания басшыларымен жиын өткізетінін және оған тиісті органдар өкілдерін шақыратынын айтты.

«Абу-Даби Плаза» кешенін салып жатқан жұмысшылар бұған дейін де жұыс беруші фирмалардың өздерін жұмыстан заңсыз босатқанына қарсылық танытқан.

Жоспар бойынша, «Абу Даби Плаза» кешені Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болуы тиіс. Құрылысы 2016 жылы аяқталады деген ғимарат әлі пайдалануға берілмеді.

Back to top button