Астана емханалары бірыңғай үлгіде жабдықталады

Астанадағы емханалар да енді бірыңғай стильде жабдықталады. Медициналық мекемелердің ортақ логотипі болады. Бұл туралы «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында атқарылған жұмыстарды қорытындылау барысында айтылды.

Жиынға қала әкімі Әсет Исекешев пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбав қатысты. Бүгінгі күні 80 мыңнан астам зейнеткер мен 22 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат мемлекеттік қызметті тез әрі сапалы түрде алу мүмкіндігіне ие. Мәселен, енді олар жеке басын куәландыратын куәлікпен қажетті құжаттарға қол жеткізе алады. Бұл арнайы базаның көмегімен жүезеге асып отыр.

«Екі айдай біз емханалардың жұмысын зерттедік, зерделедік. Ол азаматтардың ең көп баратын мекемесі болып табылады. Қалай қызмет көрсету керек. Соның алгоритмін шығардық. Мамыр айында қала әкімдігі үлкен республикалық семинар өткізеді бір емхананың базасында. Сол жерде мұны нақты көретін боламыз», – дейді «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Жазира Жылқышиева.

Back to top button