«Әбу-Даби Плазадан» тағы да өрт шықты

«Әбу-Даби Плазадан» тағы да өрт шықты

«Әбу-Даби Плазадан» тағы да өрт шықты
ашық дереккөзі
Астанадағы «Әбу-Даби Плазадан» тағы да өрт шықты. «17 сәуір күні 16:45-те «101» пультіне Сығанақ көшесі, 14/2 мекенжайында өрт тұтанғаны туралы хабар келді. Өрт сөндірушілер ғимараттың 38-40 қабаттарында тенттің өртенгенін анықтады», - деп мәлімдеді ТЖД өкілдері. Алдын ала мәліметтер бойынша, жалын 40 шаршы метрді шарпыған. Оны өрт сөндірушілер барғанша құрылысшылар сөндіріп үлгерген. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, осы ғимарат бұған дейін де бірнеше рет өртенген. 2016 жылғы 13 ақпанда кешеннің 25-қабатындағы ағаштан жасалған қалыптары өртенген. 2016 жылғы 4 наурызда (минус) екінші қабаты өртке оранған. Осы оқиғадан соң бір ай өтпестен, 1 сәуірде дәл сол минус екінші қабатта тағы да өрт тұтанды. Ал 2017 жылғы 14 қарашада құрылысшылар жатақханасының ас үйі өрт құшағында қалған.