ҚАЗКОМ — DIAMOND ТӨЛЕМ КАРТАСЫ

ҚАЗКОМ — DIAMOND ТӨЛЕМ КАРТАСЫ

ҚАЗКОМ — DIAMOND ТӨЛЕМ КАРТАСЫ
ашық дереккөзі
241

Казкоммерцбанк өзiнiң қалталы тұтынушыларына жаңа түр-сипатпен Diamond төлем картасын ұсынады. Бұл өнiмнiң өзге карталардан ерекшелiгi оның дизайынында болып тұр. Ол бриллиантпен (таста 0,018-ден 0,02 дейiн карат) және 12,5 пайыз алтынмен (сынағы 999, ол 24 каратқа сай келедi) әшекейленген және MasterCart Platinum Diamond халықаралық несие төлем картасынан, сонымен бiрге балалар суретi бейнеленгенVisa қайырымдылық картасынан тұрады.

Картаның саны шектеулi, Оңтүстiк Корея компаниясы GK Power 1000 данамен ғана шығарған. Тағы бiр ерекшелiгi тұтынушының әрбiр транзакциясынан түсетiн комиссия банк пайдасына емес, “Перiште” қайырымдылық жобасының қорына түсетiн болады. Жаңа карта клиенттерiнiң iскерлiк және туристiк сапарларда ыңғайлы болатын жеңiл қызмет түрлерiн ұсынады. “Қазкоммецбанктiң клиенттерi сан алуан — олардың қатарында ауқатты адамдардан бастап, бюджеттiк саланың қарапайым қызметкерлерiне дейiн бар. Бүгiнгi күнi бiз табысы жоғары адамдарға өнiм ұсынғалы отырмыз. Алайда олардың әлеуметтiк мәртебесi Diamond-тың көмегiмен ақша жұмсау және артықшылықтарды пайдалану ғана емес, сондай-ақ қалаған кезде балалар суретiмен безендiрiлген картаны пайдалануға мүмкiндiк бередi”, — дейдi Қазкоммерцбанк АҚ-ның басқарушы директоры Ермек Шамұратов. Қазкоммерцбанк АҚ Қазақстандағы iрi қаржы институттарының бiрi де бiрегейi екендiктерiн жаңа өнiмдерiмен дәлелдеп келедi. Банктiң 2008 жылдың 1 -тамызындағы жағдайына сәйкес қолданыста 1 миллионнан астам картасы бар. Бұл әрине мақтануға тұрарлық көрсеткiш деп есептеймiз.

М. ӘЛИЕВА

Серіктес жаңалықтары