БІР ЖЫЛДЫҚ ТӘЖІРИБЕ

БІР ЖЫЛДЫҚ ТӘЖІРИБЕ

БІР ЖЫЛДЫҚ ТӘЖІРИБЕ
ашық дереккөзі
155

әуе компаниясына аздық етпей ме?

Былтыр азаматтық авиацияны аяғынан тік тұрғызған қайғылы жағдайлардан соң нәтиже шығарылғандай. Еліміздің көлік және коммуникация министрлігі тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беретін ережені бекітті.

Ереже 2012 жылы ішкі әуе тасыма­лының нарығын либерали­зациялаудың басталуына және жолаушы­ларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға арналған. Ішкі бағыттарды үлестіру байқауы алынып тас­талды, яғни әуе компаниялар бұдан былай ішкі бағыттар бойынша ұшуларды квалификациялық талаптарға сай болған кезде ғана жүзеге асыра алады. Сондай-ақ компаниялар өз қызметтерін Ережеге сай сәйкестендіріп, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IOSA) қауіпсіздік сертификатын алуы тиіс. Сондай-ақ, ішкі бағыттар бойынша жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын әуе авиакомпанияларының барлық тасымал бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі болуы шарт.

Халықаралық тәжірибеде әуе паркінде қолданыс сертификаты бар және жолаушылар сыйымдылығы бірдей үш әуе кемесі болуы шарт. Жаңа жобада бұл мәселелер де қарастырылыпты. «Бұл талап ішкі тұрақты рейсті жүзеге асыратын компанияның жолаушылар тасымалын уақтылы қамтамасыз етуі үшін енгізілген. Әуе паркіндегі ұшақтар компаниялардың жеке меншігіндегі немесе кемінде 3 жылдық мерзімге жалға алған ұшақтар болуға тиіс», – делінген. Сондай-ақ республикаішілік әуежайларда әр компанияның өз өкілі болады. Мұның сыртында, олардың билетті брондау және сатумен айналысатын білікті қызметкерлері болуы керек.

Сонымен бірге, авиакомпанияларға өз қызметтерін халықаралық талаптарға сай етуге және Халықаралық қауымдастықтың аудитінен өтуге дайындалуға уақыт берілді. Халықаралық әуе көлігі қауым­дастығының (IOSA) қауіпсіздік сертификатын алу талабы 2015 жылдан бастап күшіне енеді. Оған дейін елдегі әуе компаниялары бұрынғы жағдайда жолаушы тасымақ. Бірақ осы қабылданған талаптардың нәтижесінде азаматтық авиацияда қауіпсіздік шаралары күшейтілсе, апаттың алдын алып, азайтуға жол ашылады.

Ақниет Бейімбетқызы

Серіктес жаңалықтары