ӨГЕЙ АНАНЫҢ КЕЙПІН КИГЕН...

ӨГЕЙ АНАНЫҢ КЕЙПІН КИГЕН...

ӨГЕЙ АНАНЫҢ КЕЙПІН КИГЕН...
ашық дереккөзі
393

Әлеуметтік қорғау саласында жаңа ережелер қабылданды

Жуырда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік зейнетақы қорында иесіз қалған шоттар мәселесін біржақты шешті. Аталмыш министрлік басшысы Серік Әбденов таяуда Парламент депутаттарына біраз жылдан бері жинақталған қаржыны бюджетке аудару немесе туыстарына қайтарып беруге уәде еткен еді

Өткен жылдың аяғында «зейнетақы алушылардың кейбі­рінің аты-жөндерінің бір-екі әр­пінің дұрыс жазылмауы кесі­рінен иесіз шоттар сақталып, оған дивидендтер төленуде, оны Қор өз пайдасына пай­да­ланып жатыр» деген мәселе көтеріліп, депутаттар жас министрді ортаға алған еді. Осы түйткілді тұстарды шешетін заң жоқ болып шықты. Тіпті иесіз шоттың қаражатын туыстарына, болмаса өзіне қайтарып беру туралы да нақты қағидалар қарастырылмаған екен. Оны мойындаған министр: «Зейнетақы қорла­рында біраз меншіксіз қалған қаржылар бар. Біз ол бойын­ша жұмыс жүргізудеміз. Бұл кейбір азаматтардың меншікті қаражаты, ол қайтыс болған кезінде, әлде сыртқа қоныс аударып кеткен кезінде қалып қойған қаражаттар болуы мүмкін. Біртіндеп-біртіндеп, оларды иелене алатын азаматтар шығып жатыр», – деді. Сондай-ақ иесіз шоттарда қордаланған салымдарды мемлекеттің меншігіне алып қоя алмаймыз деді, өйткені олардың тиісті иелері бар. «Тіпті ол азаматтардың балалары, туыстары мұраға алады», – деп қазынаға өткізу туралы Заңның жоқтығын алға тартты. Бірақ министрдің жауабына қанағаттанбаған депуттаттар иесі жоқ болса, мемлекеттің меншігіне неге айналдырмасқа деген ұсыныс айтқан. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин: «Сіз Парламентке министр ретінде бірінші рет ке­ліп отырсыз. Сұрақ қойған кезде, оған жауап бергенде өз ойыңызды қысқа да нұсқа жеткізуіңіз керек! Тікелей сұрақ қойылды: «Ол қаражат иесіз қалды, оны неге мемлекет меншігіне айналдырмайды?» Айту керек: «Ондай заң нормасы жоқ. Құдай қаласа, енгіземіз». Болды! Сонымен отырады. Ұғынықты ма? Жақсы. Рахмет!» – деген-ді.

Енді, міне нақ осы мәселе заңдастырылып отыр. Бас спикердің сөзі жерге тасталған жоқ. Бұрын жұмыс істеген, қазіргі таңда мекенжайы белгісіз азаматтардың салымы тікелей бюджетке аударылады. Міндетті зейнет салымы 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін аударылмаса мемлекет меншігіне өтеді. Ол сома мемлекетке өткен соң азаматтық заңдылықтар арқылы мұрагерлеріне беріледі. Бұл мәселе Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «ҚР Әлеуметтік қамту мәселелері бойынша заң жобаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы актіде» қаралды. Бір айта кетерлігі Салық комитетінің мәліметі бойынша, 2013 жылдың 1 қаңтарында республикада 210 төлеуші бұрынғы қызметкерлеріне 260 миллион теңге көлемінде қарыз және оның үстіне 182 миллион теңге өсімпұлы бар. Бұл көрсеткіш негізінен Батыс Қазақстан облысына тиесілі, одан кейін Павлодар және Қостанай облыстарында қызметкерлердің міндетті зейнет салымын төлемей келген.

Депутат Дариға Назарбаева бірде бұл министрліктің қызметіне көңілі толмайтынын білдірді. «Еліміз­дегі әлеуметтік жағдайға көпшіліктің көңі­лі толмайды. Есептегі сандарда бәрі жақсы сияқты, шын мәнінде, олай емес. Күн­делікті күйбең тіршілікте сіздер атқа­рып отыр­ған жұмыстарыңыздың басты мақ­сатын ұмытып кететін тәріздісіздер. Сіздер елдің әрбір азаматына өмір сүруге жайлы жағдай жасауға тиіссіздер. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласы біздің екінші анамыз секілді. Ол бізді тәрбиелейді, өсіреді. Кейін біз оған қарызымызды қай­тарамыз. Жұмыс істейміз, салық төлейміз және басымызға әлдеқандай күн туа қалса немесе кәрілік келсе әлеуметтік сала кө­мек­теседі деп үміттенеміз» дегені есте. Жалпы жаңа заң жобаларына сәйкес жалақы төлеудің заманауи моделі қалыптасады. «Министрлік ең­бекақы төлеудің жаңа моделінің жоба­сын әзірледі. Ол қазір Үкімет деңгейінде талқылануда. Жаңа модельді енгізу – жеке және мемлекеттік сектордағы жұмыс­шы­лар­дың еңбекақы төлеу деңгейіндегі ал­шақ­тығын азайтуға мүмкіндік береді», – дейді министрлік басшылығы. Олай болса, әлеуметтік саланың жанданып, қарапайым халықтың мүддесіне жұмыс істеуін күтеміз. Кейде батыс елдерінің моделі, әсіресе Ұлыбританиядағы халықтың әлеуметтік мүддесінің қорғалуы таңдай қақтырады. Өркениеттің дамуы осы шығар, сірә деген ой да келеді.

Ақниет БЕЙІМБЕТҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары