ОСЫ ЗАМАНҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР
ОСЫ ЗАМАНҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР
Биылғы жылдың басындағы есеп бойынша, астаналық бір тұрғынға жұмсалған бюджеттік шығындар 10 мың теңгеге жетсе, алматылық үшін бұл шығындар – 5 мың теңге болған. Бұл жайында Ranking.kz сараптамалық онлайн-ресурсы хабарлап отыр. Бұл Елордада денсаулық сақтау ұйымдарының көрсететін қызметтеріне орай болып отыр.
«Бұндай шығындардың теңсіздігі Елордада екі ірі медициналық жобалардың жүзеге асуымен байланысты. Соңғы жылдары Астанада құны – 4,6 миллиард теңге тұратын ҚР ІІМ үшін жаңа госпиталь мен құны 1,9 миллиард теңге тұратын сот медициналық орталығының құрылыстары салынды.
Соның салдарынан астаналық денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығын – 229,4 есеге артып кетті. Алматы Астанадан әлеуметтік көмек, әлеуметтік қамсыздандыру саласына көп қаржы жұмсайтыны анықталған.