БАЛДЫРҒАНДАРҒА БЕРІЛГЕН АВТОБУС

БАЛДЫРҒАНДАРҒА БЕРІЛГЕН АВТОБУС

БАЛДЫРҒАНДАРҒА  БЕРІЛГЕН АВТОБУС
ашық дереккөзі
159

>«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Владимир Школьниктің бастамасы бойынша «Степное-КБ» ЖШС бас директоры Сергей Кушегов Л.Бөкенов атындағы орта мектеп директорына салтанатты түрде жаңа «ПАЗ» автобусының кілтін табыс етті.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Владимир Школьниктің бастамасы бойынша «Степное-КБ» ЖШС бас директоры Сергей Кушегов Л.Бөкенов атындағы орта мектеп директорына салтанатты түрде жаңа «ПАЗ» автобусының кілтін табыс етті.

Осы уақытқа дейін Қыземшек кентінің балалары үшін қыс кезінде кенттегі жалғыз мектепке сабаққа уақытында үлгеру қиынға түсіп келген. Жоғары сынып оқушыларының осы жылдар бойына бұл жағдайға еттері үйрене бастаған болса, бастауыш сыныптар оқушылары үшін бұл оңайға түспейтін. Ал оқушыларды мектепке жеткізіп салатын автобус туралы тіпті армандай да алмайтын. Аудан орталығы 200 шақырым жерде орналасса, ал ең жақын қалаға (Шымкентке) дейінгі қашықтық одан екі есе артық.

Сонымен қатар, мектептегі оқу процесінде аудандық және об­лыстық пәндерден олим­пиа­да­ларға, спорт жарыстарына,­ ш­ы­ғар­машылық байқауларға қа­ты­су үшін жолға шығу қажет бола­тын кездер де болады. Мектепті бі­тіруші түлектерге Бірыңғай Ұлттық Тестілеуді тапсыру үшін аудан орталығы – Шолаққорған ауылына бару керек. Осылайша 2012 жылы маусым айында Қыземшек кентінің тұрғындарымен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Владимир Школьниктің кездесуі барысында мектеп үшін автобус сатып алу мәселесі де көтерілген.

Мектеп директоры Суханберді Шарафудиновтің өтінішіне орай, В. Школьник «Таукен компаниясы» ЖШС бас директоры – басқарма төрағасының міндетін атқарушы Юрия Демеховқа және «Степное-КБ» ЖШС бас директоры Сергей Кушеговқа Л.Бөкенов атындағы мектеп балансына таза табыс қаражаттарының есебінен жаңа автобус сатып алып, табыс ету туралы мәселені қарастыруды тапсырды.

Өткен жылдың соңына қарап 24 орындық «ПАЗ» автобусын сатып алу мәселесі шешілді. Үстіміздегі жылдың 25 қаңтарынан бастап бастауыш сынып оқушылары бірінші жолаушылар ретінде жайлы да жылы автобуспен мектепке алғаш мініп барды. Енді күн сайын таңертең Қыземшек кентінің шалғай орналасқан түкпір-түкпірінен мектеп оқушылары мектепке қолайлы және қауіпсіз ПАЗ автобусымен баратын болды.

Сания

АБДИКАРИМОВА

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы

Серіктес жаңалықтары