ADAM ән салған кеш

ADAM ән салған кеш

ADAM ән салған кеш
ашық дереккөзі
435

Болашағы бар, бойында табиғи дарыны бар жас әншілерді жарыққа шығарып, қолдау көрсету керек. ADAM – Қазақстанда классикалық ритм–н–блюз жанрында ән айтатын алғашқы орындаушы. Продюсерлердің ADAM–ды көпшілік алдына шығарудағы мақсаты – бірсарынды музыка мен Қазақстандық шоу–бизнеске жаңа үлгідегі жаңалық енгізу. Ал, ADAM–ның басты артықшылығы – әнді таза, шынайы орындаумен қатар драматургия мен жан тебірентер әндерді тыңдарманның жүрегіне жеткізуі.

ADAM «Muzzone EMA 2012» марапаттау рәсімінің шымылдығын «Жол» деп аталатын әнімен ашты. Әннің мәтінін жазған Перизат Жұмажан, әл композиторы – Elgato. ADAM–ның орындауындағы аталған әннің негізгі мағынасы – өмірде өзіне тиесілі жолды адаспай табу. Ақпан айының екінші күнінде Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шоу-бизнес пен отандық музыка үшін ең бас­ты жылдың марапаттау кеші болды. «Еуразиялық Muzzone EMA 2012» марапаттау кешінде жас орындаушының тұсауы кесілді. ADAM кеш қонақтарын өзінің айрықша орындау шеберлігімен қайран қалдырды. Оның орындауындағы әнге арнайы қойылған қойылым да көпшілікті таң қалдырды. Атақты өнер адамдарының ақ батасы мен тілегін естіп, үлкен өнер сахнасына қадам басқан ADAM: « Мен сіздерге нағыз музыканы сыйлаймын. Өнерге сол үшін келдім», – дейді.

Әсел ӘНУАРБЕК

Серіктес жаңалықтары