ҰЛАҒАТЫ МОЛ ШАРА

ҰЛАҒАТЫ МОЛ ШАРА

ҰЛАҒАТЫ  МОЛ ШАРА
ашық дереккөзі
314

Үстіміздегі жылы 12 ақ­пан­да Астана қаласында «БӘЙБІШЕСІ ҚАЗАҚТЫҢ – ЕЛ ҚАМҚОРЫ» тақырыбында ұлттық салт-дәстүр, имандылық тағы­лымдары кеші өтеді. Айша қоғамдық қоры ұйым­дас­тырғалы отырған бұл шара қасиетті Мәуліт ме­ре­кесімен тұспа-тұс келуі се­беп­ті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) дүниеге келуі, өмірі жайлы жыр-дастан оқылып, үздік Мәуліт оқушы жеңімпазға бас жүл­деге қасиетті Құран кітабы сыйға тартылмақ.

Қазақтың ұлттық киімдері үлгілерін күнделікті киіп жүруге лайықтап әкелген фирмаларға өз өнімдерін таратуға көмек жасалынады. Бұл байқауда да жеңімпазға жүлде бар.

Қатысуға ниет білдіргендер Астана қаласындағы қонақ­үй­мен қамтамасыз етіліп, Елордаға саяхат ұйымдастырылатын кө­рінеді. Ол үшін шараға қатыс­қысы келетіндер «Айша» қоғам­дық қорына хабарласуы тиіс. Қордың жетекшісі Айша қажы: «Қыс айында сапарға шыға алмаған ағайынға айтарымыз, жер аяғы кеңіген жайдары жаз айы – 6 шілдеде «Ертеңім – Елім – Елбасым» атты имандылық тағылымдарынан ер азаматтар арасында жарыс өтетінін хабарлаймыз. Балуан, сері, ақын, молда жігіттерді сегіз қырлы, бір сырлы біліммен шеберлік сайысына шақырамыз. Бақ сынамақшы азаматтарға медресе құрылысын көтерісуге ертерек келіп, асарға қатысып, құрылыс өнерінен шеберліктерін сынға салса, игі», – дейді.

Алтынай Айдарқызы

Серіктес жаңалықтары