АМЕРИКАДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕБІ

АМЕРИКАДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕБІ

АМЕРИКАДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕБІ
ашық дереккөзі
935

Мұхиттың арғы жағынан ашылған алғашқы қазақ мектебінде қарадомалақтар ұлттық салт-дәстүр, ән мен би, қазақ әдебиетін бойларына сіңіріп, домбыраның құлағында ойнауды үйренбек.

АҚШ-та алғашқы қазақ мектебі ашылды. Техас штатының Хьюстон қаласында орналасқан бұл білім ордасының іргетасы Америкадағы қазақтардың «Шаңырақ» ассоциациясы мен осы қалада тұратын қандастардың қолдауымен қаланған көрінеді. Яғни бұл балаларына ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, жалпы қазақы құндылықтарды үйреткісі келген ата-ананың талабы. 2012 жылдың қазанында жұмыс істей бастаған қазақ мектебінің салтанатты ашылуы Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңында өткізілген көрінеді. Үш және алты жастағы балақайларға арналған «Балапан» тобы мен 7-12 жастағы қарадомалақтардың «Тұлпар» тобында арнайы сабақтар жексенбі күндері жүргізіледі. Қазақ әдебиеті, қазақ әндері, билері, қазақ салты пен дәстүрі, сонымен қатар қазақтың қасиетті қара домбырасын үйренбек. Ал ұстаздар қауымын еріктілер тобы құрады. Ұрпақтар сабақтастығын үзбеуге мүдделі қандастар қарадомалақтарының бойына қазақылықты сіңіруді осылайша қолға алыпты.

Өнегелі істі қолға алған отандастарына ризашылық сезімін білдіруге келген Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігінің қызметкерлері мектеп іргетасын қалаған қандастарға алғыс айтты.

Алтынай АЙДАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары