Киік атқандар құрықталды

Киік атқандар құрықталды

Киік атқандар құрықталды
ашық дереккөзі
433

Үстіміздегі жылғы 7 қаңтарда Қызыл­орда облыстық ішкі істер депар­таменті әкімшілік полиция басқар­масы табиғатты қорғау бөлімі, Сырдария аудандық ішкі істер бөлімі және «Охотзоопром» ӨБ» МКК қызметкерлері бірлесіп, «Киік-2013» профилактикалық іс-шарасының аясында Қызылорда-Павлодар тас жолының 84-ші шақырымының батыс тұсындағы «Тайлақ» құмды жерінде «Ниссан-Патрол» маркалы автомашинасын тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде салон ішінен қарны ақтарылған 2 киік пен 12-ші және 16-шы калибрлі екі аңшы мылтығы табылған. Сондай-ақ атылмаған 83 дана патрон да бар. Табылған 12-ші калибрлі аңшы мылтығы ешқайда тіркеуде болмаса, ал 16-шы калибрлі мылтық өзге бір кісінің атына тіркелген болып шықты.

Заңсыз аң аулаған аңшылар Қы­зыл­орда қаласының 31, 57 және 50 жастағы тұрғындары екен.

Қазіргі таңда тергеушілер тергеу амалдарын жүзеге асыруда. Күдіктілердің қылмысы дәлелденсе, онда заңсыз саят құрған аңшыларға 2 ақбөкен атқаны үшін 350 АЕК сомасындағы айыппұл салынады. Бүгінгі таңда бір АЕК 1731 теңгені құрайды.

Қайрат Матреков

Серіктес жаңалықтары