ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯНЫҢ ЖИЫНЫ

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯНЫҢ ЖИЫНЫ

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯНЫҢ ЖИЫНЫ
ашық дереккөзі
344

Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы барша қазақстандықтарды, саяси партияларды және қоғамдық бірлестіктерді Қазақстан Президентінің жаңа стратегиялық бағытының төңірегінде топтасуға шақырды. Бұл мәселе жуырда Астанада өткен Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының мәжілісінде айтылды.

Қоғамдық құрылымдар мен саяси партиялар жасақтаған Жалпыұлттық коалиция Қазақстан Республикасы Президентін сайлау науқаны кезінде Мемлекет басшысының саяси бағытын қолдайтын тиімді және ынтымақшыл одақ ретінде танылып, мойындалған.

Басқосуға ұлт болашағына қызмет етуге дайын, халыққа жанашыр азаматтар жиналды.Демократиялық күштердің жал­пыұлттық коалициясының мүшелері Президенттің Қазақстан халқына «Қазақстан–2050 Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының ерекшелігі туралы айта келіп, барша қазақстандықтарды, саяси партия­ларды және қоғамдық бірлестіктерді Қазақстан Президентінің жаңа стра­тегиялық бағытының төңірегінде топтасуға және алдымызға қойылған ауқымды міндеттерді лайықты іске асыруға атсалысуға шақырды.

Жиында сөз алған «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев: «Осыдан бірнеше күн бұрын Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы – қалыптасқан мем­ле­кеттің жаңа саяси бағыты» Жол­дауын ұсынып, елдің ұзақ мер­зімдік даму жоспарын айқындап берді. Стратегия еліміздегі барлық халықтың, түрлі сала қызметкерлерінің, саяси партиялар мен демократиялық күштердің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тарапынан жоғары бағалануда. Жолдаудың басты ерекшелігі – бұл құжаттың қоғамның барлық салаларын тегіс қамтыған, ел дамуы жолындағы бір емес, бірнеше онжылдықтағы іс-әрекеттерімізді айқындайтын жаңа ауқымды стратегиялық бағдарлама болып табылатындығы», – деді.Жиында қайта өңдеу өнеркәсібінің өнімдеріне қосымша құн салығын азайту мәселесі де сөз болды. Әрі бұл еліміздегі кәсіпкерліктің кедергісіз дамуына көмегін тигізбек. Орта бизнестің өркендеп дамуы үшін Президент өзінің кезекті Жол­дауында бизнес көздеріне салынатын салықтарға түгендеу жүргізуді тапсырған еді. «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған міндеттерді табысты жүзеге асыруға Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы белсенді қызмет атқаратын болады. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен коалиция үндеу қабылдап, қазақстандықтарды, сая­си партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді Елбасының жаңа стратегиялық бағытының төңірегінде белсенді тірлік етуге үндеді.«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Са­ғынтаев бұл құжаттың қоғамның барлық салаларын қамтып отыр­ғандығын айтады. «Біз Отанымыз үшін аса маңызды саяси оқиғалар жүргізілген кезде жұ­ды­рық­тай жұ­мылып, бір адамдай еңбек ете ала­тынымызды бүкіл әлемге көрсете алдық, – деді Бақытжан Сағынтаев әрі қа­рай.

– Елбасымыз «Қазақстан-2050» Ст­ра­те­гиясында белгілеп берген мін­дет­терді ойдағыдай жүзеге асыруға Жал­пыұлттық демократиялық күштер коа­лициясы да қатысуы қажет деп ойлай­мыз. Осы орайда коалицияның бар­лық мүшелерін елді дамытудың жаңа бағдарламасын іс жүзіне асыруда бел­сенділік танытуға шақырамыз», – деді.Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев: «Елбасымыз атап өткендей, осынау стратегиялық міндеттер ұлтымыздың бірлігі мен тұтастығының және қоғамдағы барлық күштердің ын­тымағы арқасында ғана жүзеге асады. Бұл әрдайым біздің еліміздің басты жетістігі мен мақтанышы болып келеді. Сондықтан, ол осы жолы да алға қойған жаңа жоспарларды іске асырудың кепілі болуы керек», – деп, баса айтып өтті.

Сонымен бірге, коалиция бүгінгі таңда қоғамдық пікір тудыру үшін пікірталас алаңы аса қажет екендігін де тілге тиек етті. Әрине, бұл жәй ғана сөз жарыстыру орталығы болмауға тиіс. Мұнда Жаңа әлеуметтік саясаттың артықшылықтарын алға тарта отырып, оны тиімді жүзеге асыру турасындағы салиқалы ой-пікірлер мен ұсыныстар айтылғаны жөн.

Бүгінде Жалпыұлттық коалиция Елбасы жоғары деңгейде көтерген реформаларды іске асыру туралы үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Олар атқаратын іс-шараларын тиімді әрі нақты және жүйелі жүргізу мақсатында 2013 жылға арналған жос­парды ортаға салып, сол негізде жұмыс атқармақ.

Г. ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары