«Тұранның» қайырымдылық кеші өтпек

«Тұранның» қайырымдылық кеші өтпек

«Тұранның» қайырымдылық кеші өтпек
ашық дереккөзі
254

Жуырда тамыры тарих тереңінде жатқан Тұранның салт-дәстүрі мен музыкалық мәдениетін әлемнің түкпір-түкпіріне насихаттап келе жатқан «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі қайырымдылық концертін өткізбек. Бұл жолы аталмыш топ өздерінің қайырымдылық кешін Алматы қаласы, Медеу ауданы, Есенов көшесіндегі 37-үйде пәтер жалдап тұратын, тұрақты жұмысы жоқ Күләш апаның он төрт жасар, эпилепция дертіне шалдыққан Ерасыл деген жалғыз ұлына арнап отыр. Қайырымдылық кеші «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының қолдауымен 25 желтоқсан күні Жамбыл атындағы филармонияда өтетін болады.

Қайырымдылық кешінің негізгі мақсаты – ата-бабаларымыздан мирас болған ұлттық құндылықтарды, жәдігерлерді насихаттау арқылы қоғамның назарынан тыс қалған, әлеуметтік жағдайы төмен мүгедек баланың емделуіне көмек көрсету, әрі әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға көмектесудің маңыздылығын халыққа жеткізу болып отыр.

Е.Бектас

Серіктес жаңалықтары