Талабы бар жастарға...

Талабы бар жастарға...

Талабы бар жастарға...
ашық дереккөзі
275

«Шеврон» байқау нәтижесін жариялады

«Шеврон» компаниясы Алматы энергетика және байланыс уинверситеті мен «RESD» қоғамдық қорымен бірлесіп, студенттер мен магистранттар қатысқан байқау нәтижесін жариялады. Байқаудың басты мақсаты – Қазақстан Республикасында энергия тиімділігі идеяларын насихаттау.

Тұрғын-үй коммуналды шаруа­шы­лықтағы энергия тиімділігі жобалары бой­ынша байқаудың жеңімпазы анық­талып, 29 жоба іріктеліп алынды. Бесінші республикалық жо­баның жеңімпаздарына жо­баны жү­зеге асыруға жеткілікті қаражат та­­быс­талды. 2008 жылы басталған ғылыми-техникалық байқау шығар­ма­шыл жастардың үнемі өтетін фо­ру­мына айналды. Еліміздегі энергия тиімділігі идеяларын насихаттау, жас ұрпақтың шы­ғармашылық қабілетін дамыту, энер­гияны үнемдеу және табиғат ресурс­тарына жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға көмек­те­сері анық.

Биыл байқауға 14 жоғарғы оқу орындарының тәлімгерлері қатысты. Іріктеу нәтижесінде 36 студент пен магистранттың 29 жұмысы үздік деп танылды. Алдағы уақытта осы жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы қаражат бөлінеді.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары