«Нұр Отан» марапаттады

«Нұр Отан» марапаттады

«Нұр Отан» марапаттады
ашық дереккөзі
347

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен айрықша еңбегі үшін бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың арасында «Нұр Отан» ХДП-ның өкілдері де бар.

Салтанатты шарада Орталық Аппарат басшысының орынбасары Мұхтар Ерман және Орталық аппараттың саяси жұмыстар жөніндегі департаментінің директоры Павел Казанцев, сондай-ақ, партияның аймақтардағы филиалдарының басшылары «Құрмет» орденіне ие болса, партияның бірнеше мүшелеріне «Ерен еңбегі үшін» медалі мен Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасы тапсырылды.

«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жоғары мәртебеге ие болған әріптестерін құттықтай келіп, «партияның Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алға қойған тапсырмалар мен міндеттерді абыройлы атқарып шығуға сіздердің әрбіріңіз лайықты үлес қостыңыздар», – деп атап өтті.

Марапат рәсіміне жиналғандар елімізді жоғары табыстарға жеткізу жолында тың бастамалар көтеріп, ерен еңбек етіп келе жатқан Ұлт Көшбасшысының атына жылы лебіздер білдірді. Мемлекеттілікті нығайту жолында барлық салада көптеген маңызды реформалар іске асырылды. Демек, Қазақстанның әлем алдындағы беделі мен абыройы – Президентіміздің мерейі. Осы орайда, Елбасының стратегиялық бағдарламалары мен мақсаттарын жүзеге асырып келе жатқан қазақстандықтардың да, бүгінде сенімді серігіне айналған «Нұр Отан» партиясының да қолдауы бар деп білеміз.

Динара Дүрмән

Серіктес жаңалықтары