ЖҮЗДЕН АСТАМ ЕЛМЕН ӘРІПТЕСПІЗ

ЖҮЗДЕН АСТАМ ЕЛМЕН ӘРІПТЕСПІЗ

ЖҮЗДЕН АСТАМ ЕЛМЕН  ӘРІПТЕСПІЗ
ашық дереккөзі
193

Әбілғары Құсайынов, Қарағанды облысының әкімі:

Қарашаның соңында Қарағандыда екінші рет «ҚарағандыИнвест – 2012» атты Халықаралық Инвестициялық Форум өтеді. Форумды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен облыс әкімшілігімен ұйымдастырып отыр. «Түркістан» газетіне берген сұхбатында Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов инвестициялық форумның серіктестердің жаңа ортақтастығын арттыруға және өңірдің экономикасына бағытталған қаржы салымының көлемін арттыруға мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті.

– Әбілғазы Қалиақпарұлы, инвестициялық форумның өткізілуіне байланысты облыс алдында қандай міндеттер тұр?

– Әлеуетті инвесторларға нақты инвестициялық жобаларды талқылау мен облыс кәсіпорындарының инвестициялық жобалары бойынша деректер базасын алуға бірегей мүмкіндік ұсынылады. Сонымен қатар, әлеуетті инвесторларға арналған «Сарыарқа» Арнайы экономикалық зонасының тұсаукесері өтеді. Қатысушы кәсіпорындарға өздерінің инвестициялық жобаларының бөлек тұсаукесерін өткізуге мүмкіндік беріледі. Бұл біздің бизнес қоғамдастығымызға жаңа іскерлік серіктестерді табуға және өңірлерге жаңа инвесторларды тартуға жағдай туғызады. Оның үстіне, біздің облысымызда мақтан тұтатын жетістіктеріміз баршылық. Өңірдің 50%-нан артатын жалпы қосылған құн салығын құрайтын, экономиканың негізі мен арқауы – тау-кен және өңдеуші өнеркәсібі. Өнеркәсіптің негізгі салалары – тау-кен өнеркәсібі, қара және түсті металлургия.

Бұдан басқа тағы бір маңызды сала – машина жасау мен металлургиялық комбинаттардың бұйымдарын қайта өндіруге бағытталған металл өңдеу. Химиялық пен фармацевтикалық өндіріс, металды емес құрылыс материалдарының өндірісі белсенді дамып жатыр.

– «Сарыарқа» АЭЗ туралы айтсақ. Оның алдында қандай мақсаттар қойылды?

– Оның мақсатына, ең алдымен, металлургиялық өндірісі мен дүние­жүзілік деңгейдегі металды өңдеу салаларын дамыту бойынша, шикізатты түбегейлі қайта өңдеу және жоғары қосылған құнымен бәсекелесуге жарамды өнімді шығару бойынша инвестициялық жобаларды жасау мен жүзеге асыру.

АЭЗ дамудың жаңа шегі, аймақтың экономикасын әртараптандыру үшін және жаңа жүйе жасайтын кәсіпорындардың қызметінен оның тәуелділігін төмендету үшін негіз болып табылатынын ерекше атап өткім келеді.

АЭЗ аймағында 33 резидент тіркелді, соның ішінде 11-і – шет елдердің қатысуымен құрылған. Жалпы, «Сарыарқа» АЭЗ қатысушыларының инвестициялық портфелі 2 млрд. АҚШ долларынан жоғары құрайды, соның ішінде тікелей шетелдік инвестицияның үлесі – 880 млн. доллар.

Қазіргі кезде электрондық және опти­калық өнімдерді өндіру зауыты, жылу желілері жүйесі үшін сақтайтын қабықшасы бар құбырларды шығару зауыты, құрылыс металл құрылымдары мен бұйымдар өндірісі, толық балқытып біріктірілген жұмыр крандар өндірісі және тежеу құбырларын даярлау зауыты сияқты жобалар жүзеге асырылуда.

Тағы 6 компания нөлдік кезеңді салуы­ның басталуына дайындық жүргізіп жатыр.

Бұдан басқа, Елбасымыздың Германияға сапар шеңберінде бітімге келген келісімдерге сәйкес, АЭЗ аумағында бірқатар жобалар жұзеге асырылады.

– Аймақ экономикасының қай саласы инвестициялардың қосымша ықпалын талап етеді?

– Елбасымыздың тапсырысына сәйкес, экономиканың даму қорын айқындау мақсатында біз облыс экономикасының дамуына талдау жұмыстарын жүргіздік.Осы талдау қорытындылары бойынша және даму мүдделерін есепке ала отырып, 2015 жылға дейін 6 негізгі бағыт анықталды. Біріншіден, көмір мен газды өндіру көлемін арттыру. Екіншіден, тау-кен және металлургия өнеркәсібін дамыту. Үшіншіден, ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісін арттыру. Одан әрі, электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайту. Содан кейін көлік саласын және туристік бизнесті дамыту. Осы бағыттарға аймақтағы жергілікті өкімет органдарының күнделікті жұмысына айрықша көңіл бөлінеді.

Дайындаған К.ЖЕҢІС

Серіктес жаңалықтары