АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ
ашық дереккөзі

20 қарашада Орта Азияның Еуразия қоры мен Үкіметтік емес ұйымдар сараптамалық орталығы «Бизнес пен ҮЕҰ-дың әлеуметтік мәселелерді тиімді шешу мақсатындағы серіктестігі» жөнінде конференция өткізді.

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорындағы әлеуметтік әріптестіктің жаңа форматы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері және Қырғызстан үлгісінде әлеуметтік мәселені шешудің бизнес серіктестігі туралы мәлімдемелер жасалды. Конференция барысында мастер-клас ұйымдастырылды. Мұнда жергілікті бірлестіктің кәсіпкерлікпен байланысы және әлеуметтік жобаларды қызықты ету мәселелері қарастырылды. Пленарлық бөлімде баяндама жасаған ҚР Парламенті депутаты, Қазақстан Азаматтық Альян­сының президенті Айгүл Соловьева шағын кәсіпті жүргізудің қыр-сырымен бөлісті. Сондай-ақ «Айқап» ҚБ-ның атқарушы директоры Шәмшет Ұлан Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуындағы үкіметтік емес және коммерциялық ұйымдардың өзара байланыстар мәселелері туралы ой-пікірін білдірді.

– Көптеген Үкіметтік емес ұйым­дардың белгілі бір мақсаты жоқ. Өзіндік стратегиясы жоқ. Олардың көпшілігі не үшін құрылғанын, нені көздейтінін білсе де, осы мақсатқа жетуде қолдарында құралы жоқ. Азаматтық мәселелермен айналысатын ұйымдар аз, оның өзінде әлсіздеу болып тұр. Сол сияқты коммерциялық ұйымдар мен ҮЕҰ-дың жұмысы қайырымдылық шарасымен ғана шектеліп жатады, – деді Шәмшет Ұлан баядамасында.

Сараптама орталығы Қазақстанның «Шеврон» корпорациясының қолдауымен «Қазақстандағы азаматтық қоғам мүмкіндігін дамыту бастамасы» жобасының аясында құрылған. Орталықтың негізгі мақсаты халықтың мүддесін қорғау, табысты қызмет көрсету үшін азаматтық сектордың мүмкіндігін нығайту болып табылады.

Ақниет ОСПАНБАЙ