ҮЛКЕННАРЫН АУЫЛЫНА МЕКТЕП КЕРЕК

ҮЛКЕННАРЫН АУЫЛЫНА МЕКТЕП КЕРЕК

ҮЛКЕННАРЫН АУЫЛЫНА МЕКТЕП КЕРЕК
ашық дереккөзі
Таяуда Сенат депутаты Сергей Плотников Үкімет басшысы Серік Ахметовке депутаттық сауал жолдады. Шығыс Қазақстан облысы Қатон-қарағай ауданының Үлкеннарын ауылына 500 орындық мектепті қаржыландыру қажет. Аудан орталығы Үлкеннарын ауылында 6 мың адам тұрады. Ауылда экономикалық дамудың үлкен мүмкіндіктері бар. Ауданның басым бөлігін ну орман, агроөнеркәсіпті кешен алып жатыр. Онда 1,5 мың ауыл шаруашылығы нысаны мен фермерлік шаруашылық бар. Мұндағы халық саны оралмандар есебінен көбеюде. Қазіргі сәтте Үлкеннарында 3 жалпы білім беретін мектеп бар. Аудан әкімшілігінің тапсырмасы бойынша жобалау ұйымы мектеп ғимараттарын сараптамадан өткізіп, олардың бүгінгі ахуалымен танысты. Сенатор мектепте балалар санының көптігінен орын жетіспейтіндігін айтып, дабыл қағады. Мәселен, Қ. Дамитов атындағы орта мектептегі оқушылар саны жоспарлағаннан екі есеге артып кеткен. Осыған орай, мектепте спорт залы, акт залы мен шеберханалар жұмыс істемейді. Оқу екі ауысыммен оқытылады. Сыныптан тыс шараларды, факультативті сабақтар мен үйірмелерді өткізуге орын жоқ. «Жыл сайынғы халық санының өсуі мен 2020 жылға дейін 12 жылдық білім беру үлгісіне көшу – мәселені одан ары қиындата түседі. Егер жаңа мектеп ғимараты салынатын болса, Қ. Дамитов атындағы мектепке жақын ауылдардан 80 баланы орналастыратындай интернатқа орын табылар еді. Жаңа ғимаратты салу үшін жобалау-сметалық құжаты дайындалып, мемлекеттік сараптаманың соңғы кезеңінен өткізілуде. Сізден жаңа мектеп құрылысын салуға қаржы бөлу мүмкіндіктерін қарастыруды сұраймыз», – делінген депутаттық сауалда .
«Түркістан-ақпарат»