ТАЛАНТТАРДЫ ТАНЫТҚАН БАЙҚАУ
ТАЛАНТТАРДЫ ТАНЫТҚАН БАЙҚАУ
Кеше Астана қаласындағы «Конгресс Холл» сарайында «Ел іші – өнер кеніші» атты республикалық телевизиялық халық шығармашылығы байқауының гала-концерті өтті. Аталмыш байқауды ұйымдастыруға мұрындық болған Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Бұл байқаудың іріктеу кезеңі еліміздің барлық облыстарында өткені белгілі. Бұл байқауға барлық облыстардан, Астана және Алматы қалаларының өнер шеберлері мен үздік ұжымдары қатысты.
Аталмыш байқаудың басты мақсаты – жаңа дарындарды анықтау және таланттарға қолдау көрсету, шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау, тұрғындардың жалпы мәдени деңгейін көтеру, тұрғындардың мәдени бос уақытын және эстетикалық тәрбие алуын ұйымдастыру, ел мәдениетін жаңғырту, сақтау, дамыту болғаны рас. Әрі бұл байқау жастарымыздың ұлтжандылық тәрбие алуына, олардың ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарымен танысуына ықпал ететін болады.
Байқау барысында «Конгресс Холл» сарайының алдында қолөнер шеберлерінің де көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге әр аймақтардан келген қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылды. Ол бұйымдар әр аймақтың өзіндік ерекшелігін, мәдениетін, дәстүрі мен өнерін паш етіп тұр