АЛТЫН ЖҮРЕКТІ АЗАМАТТАРДЫҢ ЕЛІ

АЛТЫН ЖҮРЕКТІ АЗАМАТТАРДЫҢ ЕЛІ

АЛТЫН ЖҮРЕКТІ  АЗАМАТТАРДЫҢ ЕЛІ
ашық дереккөзі
215

Міне, алтыншы жыл қатарынан елімізде жарқын жүректі азаматтарды марапаттау дәстүрі қалыптасып келеді. Осындай қайырымды, әрі жауапты жүкті өзіне арқалаған «Бауыржан» қайырымдылық қоры.

«Алтын Жүрек» сыйлығын ұйымдас­ты­рушылардың мәлімдеуінше, биылғы жартыжылдықта мемлекет тарапынан ауыр хәлді балаларды емдеуге 11.556.800 теңге бөлінсе, филантроптар мен асыл жүректі адамдар тарапынан 27 000 000 теңге бөлінген екен, ал соңғы 6 жылда бұл сома 1 млрд. теңгеден асты. Осы жылдар ішінде меценаттар көмегімен денсаулық сақтау орындары 1 млрд. теңгеден артық сомаға жабдықталды. Жетімдер үйлері 48 000 000 теңгеден артық сомаға жөнделді. Білім беру саласына 5 млрд. теңгеден артық сома салынды. Осы сомаға 6 мектеп, 3 жеке меншіктегі балабақша, білім беру саласының қызметкерлеріне арналған 2 үй, жағдайы төмен отбасынан шыққан дарынды балаларға білім беретін жеке меншіктегі 3 мекеме ашылды. «Мектепке жол» акциясының шеңберінде оқушыларға арнап 7 млн. теңгеге құрал-жабдықтар тапсырылды. Жыл сайын әрбір балалар үйі 1 млн. теңгеден сыйлықтар алады. Осы 6 жылда 3 мәдениет үйі, 13 спорт мекемелері салынды.

Ұйымдастыру алқасы бұдан былай «Өнер және қайырымдылық» номинация­сын «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін» номинациясымен алмас­тыруды жөн көрді. Ал осы номинация бойынша сыйлықты дүлдүл жазушы Шыңғыс Айтматовтың қызы Шырын Айтматова табыстайды.

Баспасөз конференциясында талқы­лан­­ған басты тақырыптардың бірі – «Алтын Жүрек» сыйлығына қатысушылардан өті­ніш-құжаттарының қабылдану нау­қа­нының басталуы. Өтініштерді қабыл­дау 1 тамызда басталып, 30 қыр­күй­ек­те аяқталады. Қатысушыларды анық­тау мақсатында ұйымдастыру ал­қасы құ­рылған. Оның басты жұмысы – өті­ніш­терді қабылдау және қарастыру, түскен құжаттарды тексеру. Ал қазылар алқасы сарапшылық және қоғамдық кеңестен тұрады. Қайырымдылық саласына еңбегін сіңірген, сонымен қатар әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырған номинанттар жеңімпаз атанады. «Ұлт тағдыры» Республикалық қозғалысының төрағасы, саясаткер, «Алтын Жүрек» сыйлығында 2011 жылғы сарапшы кеңестің мүшесі Дос Көшім: «Мені түрлі байқауларға, сыйлықтарға қазы болуға шақырады. Былтыр мені «Алтын Жүрек» сыйлығында әділқазы мүшесі болуға шақырғанда, өзіме жауапкершілікті талап ететін, әрі абыройлы іс жүктелгенін білдім. Таңдау өте қиынға соқты, себебі қатысушылардың барлығы қоғамға, көмекке мұқтаж жандардың өміріне үлкен септігін тигізеді. Әдетте, сайлау науқанында барлығы мейірімді, жомарт, көмек қолын созғыш болып кетеді. Ал «Алтын Жүрек» сыйлығы шынымен де «алтын жүректі азамат» атағына лайықты азаматтарды анықтап, марапаттайды», – дейді.

«Алтын Жүрек» сыйлығын ұйым­дастыру комитетінің төрайымы Жұлдыз Омарбекова статистикалық мәліметтерге сүйене отырып: «Әлеуметтік деңгейі орташа азаматтардың арасынан қайы­рым­герлер көп шығады, өзіне жетпесе­ де басқаға көмек қолын ұсынуға тырысады. Біз бұған 6 жыл бойы зерттегенде, толық көз жеткіздік. Бұл әрине көңіл қуантпай қоймасы анық. Әрине еліміздегі бай, ауқатты азаматтарымыздың да қайырымдылық саласына өз үлестерін қосқанын қалар едік», – деді баспасөз мәслихатында

Айгерім АҚБАЕВА

Серіктес жаңалықтары