ФОККЕРДI ЭЙРБАСҚА АУЫСТЫРДЫ

ФОККЕРДI ЭЙРБАСҚА АУЫСТЫРДЫ

ФОККЕРДI ЭЙРБАСҚА АУЫСТЫРДЫ
ашық дереккөзі
275

"Эйр Астана" ұлттық әуе компаниясы бiрқатар стратегиялық қадамдарға барып отыр. Әсiресе аумағымызда ұзақ қашықтықтарға қатынайтын лайнерлердi әбжiл, жанға жайлы ұшақтармен алмастырудың оңтайлы жолдары қарастырылған екен. Соны бiз де өз көзiмiзбен көрiп қайттық.

Мәселен, Елордамыз Астанадан сонау батысқа, нақтырақ айтқанда. Орал қаласына бұрын немiстiң F 50 ұшағы аптасына бiр-екi рет, әрi кеткенде үш рет қатынайды екен. F 50-ге бас-аяғы отыз-қырық адам сияды, орындықтары да тар, ал ұшу ұзақтығы 3 сағат 40 минут құрайды екен. Төрт сағатқа жуық уақыт iшiнде шынашақтай ұшақта отырған жолаушы, олардың көңiлiн аулайтын дүние болмаса, азар да безер болатыны даусыз. Сол себептi алыс қияндарға самғайтын алып лайнердiң ұшуы заман қажеттiлiгiнен туып отырғанын ескерiп, Фостер мырзаның жетекшiлiгiндегi компания әлгi "Fokker 50 турбовинттiк ұшағын А-319 Реактивтiк әуе кемесiне көшiру жөнiнде шешiм қабылдаған екен. Бұл қадам осы бағыт бойынша тасымал көлемдерiн былтырғы жылмен салыстырғанда үш есе ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.

Астанадан Оралға әлгi лайнермен ұшқандардың қатарында өзiмiз де болғандықтан, кеме салонын шолып шыққандай болдық. Бiрлi-екiлi бос орынды есепке алмағанда жолаушылар лайнердi толтырып-ақ тастапты. Сервистiк қызмет көрсетiлуi де кәдiмгiдей жолға қойылған. Сусын, ыстық тағам берiлдi. Кино көрсетiлiмi бар, қазақ, немесе басқа әуен тыңдағың келе ме өз еркiң. Қажеттi каналыңды тауып ал да, тыңдай бер.

Орал қаласының "Ақжол" Халықаралық әуежайында 17 тамызда журналистерге арналған брифингте Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Бақыт Қанешов мырзада қуанышын жасырмады."Эйр Астана" АҚ қаржы вице-президентi Асхат Бейсенбаев өзiн бiлiктi маман екенiн аңғартқандай болды.

– "Астана – Орал – Астана" бағытындағы әуе билетiнiң бағасы жанармай алымдарымен қоса эконом класында бiр бағытта 21 910 теңгеден, бизнес класс салонында бiр бағытта 33 940 теңгеден бастап құрайды.

12-25 жастағы және 60-тан асқан жолаушыларға эконом класында жеңiлдiктер бар. Мұндай адамдарға бiр бағыттағы билет бағасы 17 940 теңге құрайды, – деп қарапайым есептерге жүгiнген ол, әрi қарай мұндай ұшақтың қандай сомаға айланатынын, қанша жанармай кететiнiн, алып болса да өзiн-өзi ақтаудың артықшылықтарын, рейiстiң жүктемесi қанша пайыз болатынын "беске" оқитын баладай тоқтамастан айтып салды.

Ал бiздiң қойын дәптерге түртiп алған ақпарларымыз мынандай:

Жолаушы сыйымдылығы бiрден 126 орынға көбейген, 12 бизнес орын, 114 эконом класс орыны бар. Осы бағытта жалпы 43 566 жолаушы тасымалданады. Ұшу уақыты едәуiр қысқарады. F 50-ге қарағанда А 319 лайнерi ұшу ұзақтығын 1 сағат 30 минутқа қысқартады.

Ғалымжан Мелдеш

Серіктес жаңалықтары