«БАЛАҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛА – МЕНІҢ ҚАЛАМ!»

«БАЛАҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛА – МЕНІҢ ҚАЛАМ!»

«БАЛАҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛА – МЕНІҢ ҚАЛАМ!»
ашық дереккөзі
307

Жуырда Қарағанды қаласында «Балаға мейірімді қала – менің қалам!» атты Қазақстан Республикасының балаға мейірімді қалаларының IV Форумы өтті. Форумды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Қарағанды облысының және Қарағанды қаласының әкімдігі, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Қарағанды облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті.

Аталмыш шараға Қазақстан қалалары әкімдерінің орынбасарлары, Қарағанды облысы мемлекеттік органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Бұл форумның басты мақсаты – Қазақстанда халықаралық бастаманы іске асыру бойынша тәжірибемен алмасу, кішкентай балалардың мейірімді қалаларды тануы болып отыр.

Форумның алғашқы күні қатысушылар Қарағанды қаласының халықаралық бастамасы ең табысты жүзеге асырылған әлеуметтік-маңызды объектілерін аралады. Одан соң, форумға қатысушылар «Қала өміріне балалардың араласуы» атты пікірталас ұйымдастырды.

Жиын барысында сөз алған Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Б. Жұмабеков балаларға мейірімділік саясатын енгізу біздің Елбасының ойларымен тура келетіндігін айрықша атап өтті. Сонымен бірге, Қарағанды облысында бес алаң құрылғандығын – олар Саран, Сәтбаев, Балқаш қалалары, Абай және Осакаровка аудандары екенін атап көрсетті.

Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры өкілдігінің басшысы Джун Кукита өз баяндамасында «егер қала балаға мейрімді болса, онда ол барлығына да бірдей мейірімді» деген пікірін жеткізді.

«Балаға мейірімді қала» бастамасын жүзеге асыру барысында халықаралық деңгейдегі соңғы нәтижелер туралы Франциядағы ЮНИСЕФ үйлестірушісі Джулии Зерлауз-Дисик және Хорватиядағы ЮНИСЕФ үйлестірушісі Иосиф Гргурич мәлімдеп берді.

Сондай-ақ форум барысында қаланы балаға мейірімділікті таныту және аккредиттеу моделін пилоттауға қатысушы Алматы, Астана, Сәтбаев, Өскемен, Павлодар және Қызылорда қалалары әкімдерінің орынбасарлары Қазақстан Республикасы қалаларының іс-әрекеттерімен таныстырды.

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) халықаралық консультанты, Батыс Сидней Университетінің профессоры, «Балаға мейрімді қала» бастамасын енгізушілердің бірі Карен Малоун Қазақстан Республикамызда халықаралық бастамасын жүзеге асырудың нәтижелері мен келешегі туралы баяндама жасады. Әрі ол Қазақстан Республикасындағы балаға мейірімді қалалардың қазақстандық моделін пилоттауға қатысушыларға сертификат тапсырды.

Форум соңында балалардың құқық­тарын қорғау комитеті және Қарағанды қаласының, Нұра ауданының әкімдіктерімен ын­тымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Форум қатысушылары жиын соңында бірқатар ұсыныстарды қабыл­дады.

Едіге БЕКТАС

Серіктес жаңалықтары