«ЭРБАС-А320» РЕАКТИВТІ ӘУЕЛАЙНЕР – ҚАЗАҚСТАНДА
«ЭРБАС-А320» РЕАКТИВТІ ӘУЕЛАЙНЕР – ҚАЗАҚСТАНДА
«Эйр Астана» әуекомпаниясының әуе флоты жаңа меншікті Airbus A320 лайнерімен толықты. Ол қанаттардың инновациялық ұштары – «шарклеттермен» жабдықталған.
Бұл әуелайнер ҚР ұлттық әуетасымалдаушысымен Airbus концерннен сатып алынған Airbus A320 тобының алты әуе кемесінің бірі. Ұшақтарды сатып алу туралы келісім 2008 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға ресми сапары кезінде жасалған. Тікелей зауыттан келген тұңғыш меншікті әуелайнер «Эйр Астана» әуекомпаниясының әуе флотының құрамына 2012 жылы енген.
«Біз «шарклет» қанаттардың ұштарымен құралданған алғашқы Airbus A320 лайнерін алғанымызға қуаныштымыз. Бұл «Эйр Астана» әуекомпаниясына өзінің пайдалану шығыстарын бірталай азайтуға және қоршаған ортаға залалды әсерді едәуір төмендетуге түрткі болатынын, – атап өтті «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер.
«Эйр Астана» компаниясы шарклеттермен жабдықталған А320 ұшақтарды ТМД-да пайдаланатын алғашқы әуекомпаниялардың бірі болды. Жаңа ұшақ Астана, Ақтау, Киев, Стамбұл, Абу-Даби және әуекомпанияның маршруттық желісінің өзге бағыттарына қатынайды.