«УЭМБЛИ» финалы «немісше» өтетін болды

«УЭМБЛИ» финалы «немісше» өтетін болды

«УЭМБЛИ» финалы «немісше» өтетін болды
ашық дереккөзі
365

8 ай бойы біз футбол жанкүйерлерін өзінің тамаша ойындарымен тәнті еткен Еуропа чемпиондары лигасы да аяқталуға жақын. Сейсенбі және сәрсенбі күндері жартылай финал ойындары өтті. Хабарларыңыз бар, финал астанасында болып өткен екі кездесуде Испания және Германия клубтары бір – бірлеріне қарсылас болды. Бүгін осы матчтарға назарыңызды аударсақ.

«Реал» (Мадрид, Испания) – «Боруссия» (Дортмунд, Германия) – 2:0 – 1:4

Бірінші кездесу Германиядағы «Сигнал Идуна Парк» стадионында болып өткен және алаң иелері 4:1 есебімен жеңіске жетті. Жозе Мауриньо басқарып келе жатқан «Реал» көпшілік тарапынан фаворит деп ауызға алынды. Сол күні Роберт Левандовский қарсыластарының қақпасына 4 гол соғып, жартылай финалда покерге қол жеткізген бірінші футболшы болып тарихтан орын алды. Осындай ұтыстан кейін дортмунтдықтар Испания­да финалға шығамыз деген сенімі жүзеге асып келді. Бірінші ойын нәтижесінен мәлім болғандай «Реалдың» «Уэмбли» финалына жолдама алуы үшін қарсыластардың қақпасына жауапсыз 3 гол соғулары керек. Бірақ бұл оңай емес.

«Реал» және «Боруссия» өз ұлттық чемпионаттарында бас бәйгені қолдан шығарғаннан кейін бар күштерін чемпиондар лигасына бағыттады. «Сантьяго Бернабеу» стадионында жергілікті жанкүйерлер бір муғжиза (керемет) күтті десек адаспаған боламыз. Осы жарыс кезінде ең көп бас жүлдені қолға түсірген (9 рет) «Реалдың» да жеңіске жетуі қиын. Матчтағы барлық жағдайларға тоқталып отырмаймыз, себебі көпшілік тамашалаған болуы керек.

Алғашқы минуттардан бастап алаң иелері гол соғуға әрекет қылды. Игуаинмен Роналдуда Вайденфеллер қақпасын нысанаға алу үшін оңтайлы жағдайлар туғызды. Бірақ олар өздеріне артылған сенімді ақтай алмады, сөйтіп бірінші таймда есеп ашылмады. Үзілістен кейін қонақтардың шабуылшылары қанжығаларын байлаулары мүмкін еді. Бірінші кездесудің ардагері (қаһарманы) Роберт Левандовскийдің берген соққысынан кейін доп қақпаға тиіп кері ұшты. Ойынды тамашалап отырған жанкүйерлер бүгін гол көрмейтін болдық деген ойды бастарынан өткізген болса керек. 3 гол салуға тиіс «Реал» футболшыларының шабуылдары уақыт өткен сайын нығая түсті. Юрген Клопп шәкірттері қарсы шабуылда мүмкіндіктерін жіберіп алды. Матч ақыры күтілмеген жағдайда тәмамдалды. Игуаин орнына майданға шыққан Карим Бензема 83 минутта гол соқты. Стадионға жиналған «Реал» фанаттарының финалға болған сенімдері оянды. Қалған уақытта алаң иелері жабайы аңдарша алдынға шепге жұмырылды. 88 минутта таблодағы есеп 2:0 ге өзгерді. Қорғаушы болуына қарамай шабуылға өткен Серхио Рамос қанжығасын майлады. Енді Жозе Мауриньо жігіттері керек нәтижені қолға түсіру үшін бір гол талап етілді, ал бұған уақыт жетпеді. «Боруссия» екі ойын есесіне жеңіске жетіп, 1997 жылдан кейін бірінші рет финалға жолдама алды.

Кездесуден кейінгі пікірлерге назар аударсақ:

Жозе Мауриньо («Реал» клубының бас бапкері): «Футболда бір клуб ұтады, ал екіншісі жеңіледі. Бүгін біз финалға шығуға жақын едік. Бірақ берілген мүмкіндіктерден пайдалана алмадық. Келесі маусымда мен «Реалда» болмауым да мүмкін. Мені қай жерде қадірлесе, сол жақта жұмысымды жалғастырамын».

Юрген Клопп («Боруссия» клубының бас бапкері): «Бүгін біз өзіміздің жол қойған кемшіліктеріміздің арқасында «Реалдың» жәнеде қатты ойын көрсетуіне жағдайлар жасап бердік. Егер гол соға алғанымызда жеңіс біз жақта болар еді. Мадрид клубының соңғы 20 – 25 минут ішінде шабуылдарының күшейіп кетуін білер едік. Осының салдарынан олар ақырғы минуттарда екі доп соқты».«Барселона» (Каталония, Испания) – «Бавария» (Мюнхен, Германия) – 0:3, 0:4

Мюнхендегі «Альянс Аренада» болып өткен кездесуде алаң иелері 4:0 есебімен жеңіске жетті. Сол күні әлемнің 4 мәрте үздік футболшысы Леонель Месси өте бос ойын көрсетті. Бұған оның алдыңғы матчтардың бірінде алған жарақаты себеп болды. Тито Вильанова басшылық етіп отырған «Барселона» жауап ойынында тым құрығанда жақсы нәтиже көрсетуге әрекет қылды. Бірақ, барлығы басқаша көрініс алды. «Ноу Камп» стадионында болған екінші ойынды көріп отырып, атақты ағылшын футболшысы Гарри Линикердің сөзі есімізге түседі. «Алаңда 22 футболшы ойнайды, ақырында немістер жеңеді».

Иә, бұл сөз бекерге айтылмаған. Линикер кезінде бұл жағдайды басынан кешірген. Каталониялықтар алғашқы минутдардан допты көбірек өздерінде ұстауға әрекет етті. Месси негізгі құрамада майданға түсе алмады. «Бавария» қарсы шабуылда ойнады, кейін матч тізгінін қолына алды. Нәтижеде Юпп Хайнкес шәкірттері 3 гол соқты. Соның біреуі Херард Пикенің автоголымен аяқталды. «Барселона» екі ойын нәтижесінде 0:7 есебінде ойсырай ұтылды.

Испания және Германия клубтары ойындарында «Барселона» мен «Реал» ұтылды. Өткен жылы да осы екі испан командалары жартылай финалда мүмкіндігін қолдан шығарған еді. Алдыңғы жылдары біз Испания, Италия және Англия клубтары ортасында өткен финалдарды көрген болатынбыз. Енді 25 мамыр күні Лондондағы «Уэмбли» стадионындағы кездесу нағыз «немісше» болады. Біз жоғарғы мәртебелі ойында «Баварияға» да, «Боруссияға» да табыс тілейміз.

Толқын Бакирхужаев

Серіктес жаңалықтары