Аяқталмай қалған кешендер игеріле бастады

Аяқталмай қалған кешендер игеріле бастады

Аяқталмай қалған кешендер игеріле бастады
ашық дереккөзі
207

Осыдан бес жыл бұрын Алматы қаласының тұрғындары жер алып, үй салуға жаппай кіріскені бар. Сонда екінші деңгейлі банктер де несиені аямай таратты, бірақ іле-шала келген дағдарыс қалың жұрт пен компанияларды шалқасынан түсірді. Нәтижесінде ипотека мен қарызын өтей алмаған халық банкке жылжымайтын мүлігін өткізуге мәжбүр болды. Оның ішінде ірі компаниялар да бар. Алматы қаласында құрылысы аяқталмаған 112 жер учаскесі банк кепілдігінде тұр, соларды біртіндеп игеру басталды.

Әсіресе ірі компаниялардың алып жобасын бітіруге қауқары жетпеді. Қаланың көркін кетіріп, қаңыраған ғимараттардың құрылысы аяқталып, қолданысқа қашан берілетіні белгісіз күйде келді. Осыған дейін қала әкімшілігі бұл түйткілді біржақты шешуді мойнына алып, Алматы қаласының әкімшілігі мен Қазкоммерцбанкі бірлесіп, бірнеше жобаларды пайдалануға берді. Солардың бірі – «АФД Плаза» тұрғын-үй кешені. Бұл кешеннің ашылуына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты. «Бұл жоба дағдарыс жылдары құрылысшыларға берілген және бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктердің кепілдігінде тұрған жер телімдерінде құрылысы аяқталмаған нысандарды игерудің бастамасы ғана. Бұдан да басқа құрылысы аяқталмаған жобаларды соңына дейін жеткіземіз. Тағы да төрт жер телімі бойынша мемлекет қажеттілігін өндіріп алу шаралары басталды», – деді ол. 2009 жылы қала әкімшілігі мен «Қазкоммерцбанкі» арасында түйткілі көп кешендерді аяқтау туралы меморандум қабылданған болатын. Соның негізінде «Сайран» ықшам ауданы толық салынып және 1064 үлескердіяң мәселесі шешілген.

«Бұл тиімді серіктестікті біз басқа жобаларға қолданайын деп отырмыз. Қалада іргетасы қаланып, шаңырағы көтерілсе де, есік-терезелері үңірейіп тұрған кешендер көп», – деді қала басшысы. Дағдарыс жылдарында екінші деңгейлі банктердің меншігіне өткен 112 учаскенің соңғы үш жылда 21-і толық бітті. Бүгінде қала бойынша 86 жер учаскесі бар, олардың 22-сі банк кепілдігінде.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары