ИНТЕРАКТИВТІ ДӘРІСТІҢ ТАҒЛЫМЫ

ИНТЕРАКТИВТІ ДӘРІСТІҢ ТАҒЛЫМЫ

ИНТЕРАКТИВТІ ДӘРІСТІҢ ТАҒЛЫМЫ
ашық дереккөзі
185

Кеше Назарбаев университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәріс оқыды.

Бірінші интерактивті дәріс – отандық білім беру саласындағы жаңа дәстүр. Заманауи ақпараттық технологиялар республикадағы барша білім ұйымдарында дәрісті қолжетімді етті.

Дәрістің басталуымен қатар, тағы бір жағымды жаңалық жария етілді. Елбасы жаңа «Білім» атты телеарнасының тұсауын кесті. Аталмыш телеарна өз жұмысын дәрісті тікелей трансляциялаудан бастады. Оқу-ағарту саласындағы бірінші телеарнаның мақсаты – білімді насихаттау, дарынды жастарды жоғарғы оқу орындары мен ғылымның басым бағыттарына бағдарлау, білім алуға талпынған әрбір жеткіншекке білімнің қолжетімді болуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қолдаудың ар­қасында білім саласына бөлінетін қаржы соңғы 2 жылда 1,6 есеге ұлғайып, 1,3 трлн.теңгеден асып отыр. Дәл осындай көрсеткіш Қазақстанда бұрын-соңды болған емес. Бүгінгі таңда білім саласын қаржыландыру ішкі жалпы өнімнің 5 пайызын құрап отыр. Бұл көрсеткіш бойынша біздің еліміз дамыған елдердің деңгейіне жақындап келеді (ІІЖ-нің 6-8 пайызы).

Қазіргі таңда Қазақстанда білімнің барлық саласын тиімді интеграциялауға бағытталған инновациялық білім берудің қазақстандық моделін жасаудың негізі қаланған.

Соңғы екі жыл ішінде Қазақстан Білім және ғылым министрлігі тарапынан ғылыми-ағартушылық салаға 40-тан аса жаңалықтар енгізіліпті. Олардың қатарында дамыған елдерде қалыптасып отырған білім беру сапасын бақылаудың бірыңғай орталықтандырылған жүйесін қалыптастыру, жан басына қаржыландыру тетігін ендіру, «Болашақ кілті» көптілді білім берудің жаңа үлгісін енгізу және қоғам, жұмыс берушілермен өзара әрекеттің жаңа жүйесін қалыптастыруды атап өтуге болады. Осы бағыттағы атқарылып жатқан барлық жұмыстар білім беру саласының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашып, даму болашағын қалыптастырады.

Бүгін білім беру саласы – еліміздің ауқымды әлеуметтік құрылымы. Бұл салада ел тұрғындарының үштен бір бөлігі яғни 5 миллионнан астам адам білім алып, жұмыс жасайды.

Интерактивті лекцияны Қазақстан халқы ғана емес, Еуропа, Азия мен Америка елдерінің тұрғындары көріп-тыңдау мүмкіндігіне ие болды. 13 тікелей қосылу барысында Президентке еліміздің барлық аймақтарының сондай-ақ, алыс шетелдердегі оқушылар мен студенттер өз сұрақтарын қойды.

Мемлекет басшысы барлық сұрақтарға ықыласпен жауап бере отырып, Білім саласына айрықша назар аудара беретінін айтты. Сонымен қатар, Ел болашағы жастардың қолында екенін тілге тиек еткен Н.Ә. Назарбаев әрбір адам қандай да бір табысқа еңбекпен жететінін, ал еңбектің ең үлкені Білім екенін қадап айтып, Қазақстанның табысын онан әрі дамыта түсуді аманаттады.

Ғ. СӘРСЕН

Астана

Серіктес жаңалықтары