ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕРЕН ТҰЛҒА

ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕРЕН ТҰЛҒА

ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕРЕН ТҰЛҒА
ашық дереккөзі
440

Жақында №13 мектеп гимназиясы Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдығына арналған «Заманымыздың ұлы тұлғасы» атты арнайы ғылыми-практикалық конференция өткiздi.

Бұл кездесу-кеште республикалық кiтап музейi кiтап көрмесiне халқымыздың ұлы перзентi, заманымыздың асыл тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткерi, үш мәрте Социалистiк Еңбек Ерi Дiнмұхамед Ахмет­ұлы Қонаевтың «Ақиқаттан аттау­ға болмайды», «Өттi дәурен осылай», Р. Ниязбектiң «Кемеңгер», С. Әбдiрайымұлының «Дiн­мұ­хамед және Алматы», О.Қауғабай «Таң­ға­жайып Қонаев» тағы басқа да қаламгерлер мен қайраткерлердiң кiтаптары қойылды.

Кездесу-кештi мектеп директоры Н. Дүйсенбекова кiрiспе сөз сөйлеп ашты. Мектеп оқушылары өзiн-өзi басқару ұйымының Президентi, 9 сынып оқушысы Ерсiн Аманбай баяндама жасады. Кездесу-кешке Қонаев университетiнiң құрметтi профессоры, қонаевтанушы Ораз Қауғабай, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қызметкерi, филология ғылымдарының докторы, жазушы, әдебиеттанушы Нұрдаулет Ақыш, жазушы, қонаевтанушы Мамытбек Қалдыбай, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лау­реаты, республикалық кiтап музейiнiң директоры, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы тағы басқа зиялы қауым өкiлдерi қатысып, сөз сөйледi.

Мектеп ұжымы осы мектепке Д.А. Қонаев атамыздың есiмiн беру жөнiнде жоғарыға ұсыныс жасап отыр.

Е. ХАМИТХОЖАЕВ

Серіктес жаңалықтары