ҒАНИ МҰРАТБАЕВ – ШЫҒЫС ЖАСТАРЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ
ҒАНИ МҰРАТБАЕВ – ШЫҒЫС ЖАСТАРЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ
Сыр елі – атағы әлемге таралған талай тарландар мен таланттарды дүниеге әкелген қасиетті мекен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сыр – Алаштың анасы» деуі де сондықтан болса керек. Сыр топырағында дүние есігін ашқан аса талантты тұлғалардың бірі Орта Азия мен Қазақстан жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың туғанына биыл 110 жыл толды.
Небәрі 23 жыл өмір сүріп, қып-қысқа ғұмырында артына мәңгілік өшпес өнеге қалдырған Ғани Мұратбаев Қазалының ғана емес, бүкіл қазақ халқының мақтанышы. Ғанидың өмірі мен қызметін халық жадында мәңгі қалдыру мақсатында Қызылорда облысы әкімінің қаулысымен 2012 жыл Қазалы ауданында «Ғани Мұратбаев жылы» деп жарияланды. Мерейтойлық шаралар осы жылғы 21-22 қыркүйекте өткізілетін болып белгіленді. Іс-шаралар аясында Қазалы ауданының орталығында, Қазалы қаласы мен Ғани Мұратбаев атындағы ауылда кешенді жұмыстар жүргізілуде. Көшелер мен саябақтарды көркейту-көріктендіру, абаттандыру, жолдарды жөндеу, тарихи-архитектуралық ескерткіштер мен мәдени ғимараттарды қайта жаңғырту, кітап шығару, аудан тарихы мен мәдениеті туралы бейнефильм түсіру, республикалық дәрежеде ақындар айтысын, эстрада жұлдыздарының концертін, ұлттық спорт жарыстарын ұйымдастыру, ғылыми-танымдық конференция өткізу, тағы басқа көптеген шаралар жүзеге асырылады. Жан-жақты ойластырылған әзірлік шаралары бүгінгі таңда қызу қарқынмен жүргізілуде.
Ғани Мұратбаевтың 110 жылдығын өткізу жөніндегі Қазалы аудандық ұйымдастыру комиссиясының есеп шоты:
Корпоративный фонд «Казалы-Игілік»
БИК HSBK KZKX
ИИК KZ 856010201000156474
РНН 330300212820
Код 18 Кбе 14 КНП 210
Қызылорда облысы
Осы үлкен шараны бүкіл республика жұртшылығына хабарлай отырып, жанашыр азаматтарды игілікті іске үлес қосуға шақырамыз.