ҚЫРҒЫЗСТАНДА ӨЗБЕК ӘНІНЕ ТЫЙЫМ САЛДЫ

ҚЫРҒЫЗСТАНДА ӨЗБЕК ӘНІНЕ ТЫЙЫМ САЛДЫ

ҚЫРҒЫЗСТАНДА ӨЗБЕК ӘНІНЕ ТЫЙЫМ САЛДЫ
ашық дереккөзі
420

Көршi мемлекеттердiң өз мүддесiн жоғары қоятындығына тағы да бiр мәрте сүйсiнгендей болдық.

Жақында ғана қырғыз ағайындар ел аумағында өзбектердің «Osh City Uzbek Mahala» әні бар аудиотаспасын таратуға тыйым салды. Неге дейсіз ғой? Қырғызстанның Ош қалалық соты бұл әнді ұлтаралық қақтығыс тудыруға шақырады деп шешкен. Арнайы тексеру шаралары нәтижесінде, аудиотаспадағы әннің мазмұнында қырғыз және өзбек ұлты арасына сына қағып, бір-бірін жеккөрушілікке итермелейтін иірімдер бар екендігі анықталған. Сол себептен де сарапшылар аудиотаспаның Қырғызстан аумағында таралуына тыйым салу туралы нұсқау шығарды.

Ал Қырғызстан Бас прокурату­ра­­­сының хабарламасында: «Osh City Uzbek Mahala, 0» әнінің идеясы мен көзқарасына үңілсек, мұнда бір халықтың екінші халыққа шыдай алмайтын, төзімсіздігі насихатталған. Бұл ең алдымен сепаратистік бағытты меңзейді» делініпті.

Міне, қырғыз ағайындардың пат­ри­от­тық рухының биік екендігін осыдан-ақ аңғаруға болар. Бұл әрбірден соң басқа елдерге сабақ болатын жағдай емес пе? Осындайда тағы да «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деген нақыл сөз еріксіз тілге орала береді.

Жәнібек ӘШІМ

Серіктес жаңалықтары