ҚАЛЫҢДЫҚТЫҢ ҚОЛҒАП КИЮІ ДҰРЫС ЕМЕС

ҚАЛЫҢДЫҚТЫҢ ҚОЛҒАП КИЮІ ДҰРЫС ЕМЕС

ҚАЛЫҢДЫҚТЫҢ ҚОЛҒАП КИЮІ ДҰРЫС ЕМЕС
ашық дереккөзі
284

Меніңше, үйлену тойына киетін қалыңдық көйлегі ешқандай қоспасыз аппақ таза матадан тігілуі керек. Әлем-жәлем артық әшекейдің де қажеті жоқ. Кеудесін кең оймай, шынтақтан төмен әдемі моншақтармен қоса тігілген шілтерлі қосалқы жамылғышымен де сәнді етіп тігуге болады. Сосын, менің ойымша, қалыңдық қолына қолғап кимесе дұрыс болар еді. Ол да сырттан келген әдет. Бұрынғының келіндері сол той күнгі көйлектерін анда-мұнда көңілді кештерге де киіп жүрген ғой. Ал бүгінде қалыңдық көйлектерін жалға да алып жатады. Әрине, халықтың тұрмыс жағдайы жаппай көтере бермес, дегенмен әркім өзіне жарасымды, келісті етіп тапсырыс беруіне мүмкіндік жетерлік. Заманына қарай адамы деген осы.

Гүлбаршын ЗЕЙНЕПҚЫЗЫ

Қаскелең қаласы

Серіктес жаңалықтары