АТА-АНАНЫ ҚҰРМЕТТЕУ ТУРАЛЫ
АТА-АНАНЫ ҚҰРМЕТТЕУ ТУРАЛЫ
Әрбір мұсылман баласы өзінің мойнында ата-анасының ақысы бар екенін біліп, оларды құрметтеп, жақсы қарым-қатынаста болып, ақыларын өмір бойы өтеуі керек. Төмендегі ережелерді әрдайым атқарып жүретін болсақ, ата-анамыз бізге өмір бойы риза болады.
1. Ата-анаға үнемі жақсылық жасау;
2. Ата-анаға қатты сөз айтып, қорламау;
3. Ата-анаға жылы шыраймен қарап, жылы сөйлеу;
4. Олардың қасында дауыс көтермеу;
5. Ата-ана жәрдемге мұқтаж болса, тез көмектесу;
6. Ата-ана шақырғанда лезде жетіп бару;
7. Егер шариғатқа қарсы нәрсеге жұмсамаса, айтқанын орындау;
8. Жолда кетіп бара жатса, алдын кесіп өтпеу;
9. Ата-ананың рұқсатынсыз еш жерге бармау;
10. Қайтыс болған ата-анасына Құран бағыштап, дұға жасау;
11. Ата-ананың достарымен, таныстарымен, туған-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болу;
12. Ата-ананың әр кезде ризашылығын алу керек!
Талғар қаласындағы №1 орта мектебінің мұғалімі