ЖОЛ ЖОҚ, УӘДЕ КӨП

ЖОЛ ЖОҚ, УӘДЕ КӨП

ЖОЛ ЖОҚ, УӘДЕ КӨП
ашық дереккөзі
348

Маңғыстау облысының Қызылтөбе ауылының тұрғындары бес жылдан астам уақыт билiктен жол салып беруiн сұрап келедi. Бұл ауылда бiр де бiр асфальтты көше жоқ екен. Таксистер Қызылтөбеге барудан бас тартса, «жедел жәрдем» машиналары ауруларды алып кету үшiн қатты қиналады.

Жолаушылар автобусы да бұл ауылға енуден ат-тонын ала қашады. Әсіресе, күн жаңбырлы күндері ми батпағы шыққан ауыл арасымен жүру қиямет қайымға айналады екен.

– Біз тіпті ақша жинап, құм сатып алдық. Әкімшілік қызметкерлері жолды тегістейтін жұмысшыларды жалдап, сосын грунт пен асфальт сатып алар деген үмітіміз болған. Аудан әкімшілігі келіскен сыңай танытып еді, бірақ бәрібір ештеңе істемеді. Қазір сол құмның өзі батпаққа айналды, – дейді ауыл тұрғындары. Ауылда жаңбыр жиі жауатындықтан жолдың ми батпағы шыққан, балалардың мектепке баруға мүмкіндігі қалмаған.

Қызылтөбе ауылы қарайтын Мұнайлы ауданының әкімшілігі бұл проблемадан бейхабар болып шықты. Мәселені енді қолға алатындықтарын айтты олар. Бұған дейінгі әкім де тұрғындарға осындай уәде берген екен. Жаңа әкім уәдесін қашан орындары белгісіз.

– Маңғыстаудағы жолы жоқ жалғыз ауыл бұл емес. Ауылдың бой көтергеніне бес-ақ жыл. Осы бес жыл ішінде газ, жарық және су құбыры тартылды. Тек жол ғана қалды. Біз жобалау-сметалық құжатты дайындағанын күтіп отырмыз. Сосын жолды да сала бастаймыз, – дейді ауыл әкімі.

Серіктес жаңалықтары