«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҒЫ ІСКЕ ЖҰМЫЛДЫ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҒЫ ІСКЕ ЖҰМЫЛДЫ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҒЫ  ІСКЕ ЖҰМЫЛДЫ
ашық дереккөзі
332

2005 жылы Елбасы тапсыр­масына сай «Жасыл ел» респуб­ликалық еңбек жасақтары штабы құрылған болатын. Сол жылы Қызылорда облысында бұл бастамаға 5 мыңдай адам тартылып, олардың 2600-ін аудандар­дан келген жұмыссыз жастар, қалғанын жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері құраған еді. Әдепкі бастамада осы жасақ­тардың жұмысын ұйым­дас­тыруға 2,7 млн. теңге бөлінген. Ал биыл бұл қаржы 7 млн. теңгеден асып отыр. Жалпы, осы жылы «Жасыл ел» жасағына 350 жұмыссыз жастар мен 150 студент қатыса­ды. Олар «Көркейту» және «Ыбырайхан және К» компа­ния­ларының нысандарында жұ­мыс істейді. Жуырда Қызылорда қалалық мәдени және демалыс паркінде осы еңбек жасақтарының жаңа маусымдық жұмысына кірісуіне орай акция ұйымдастырылды.

– Мақса­т – қала мен аудан және ел­ді мекендерде тазалық жұмысын жүр­гізіп, көркейту, кө­гал­дандыру істерін жүзеге асыру. Бұл ретте осы кезге дейінгі тәжірибелерді жетілдіруге де үлкен мән беріледі. Еңбек жасақта­ры­ның жалақысы бюджет есебінен төленеді. Ал оны облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы үйлестіріп отырады,– дейді «Жа­сыл ел» құрылыс жасақтары­ның менед­жері Сәуле Әбілдаева. Бүгінде облыста қор­ша­ған ор­та­ны қорғау мен эколо­гия­лық ахуалды жақ­сарту ісімен 7 үкі­мет­тік емес ұйым айна­лы­сады. Соның бірі – «Жасыл ел» студент­тер­дің еңбек жасақтары. Олар күн­де­лікті өз­деріне бекітілген аумақта көркейту және көгалдандыру әрі тазалық шараларын жүргізеді. Айта кету керек, «2010-2014 жылдарға арнал­ған жасыл даму» бағдарламасы шең­­берінде үстіміздегі жылы облыс пен аудандар орта­лығында «Жасыл жапырақ – Зеленый лист» респуб­ли­калық акциясы өткізілген болатын. Бұл шараға 30 мыңнан астам адам қа­тыс­­ып, 60 мыңнан астам ­түрлі ағаш көшет­тері отыр­ғызылды.

Қуат ШАРАБИДИНОВ

Қызылорда облысы

Серіктес жаңалықтары