ЖЕҢІМПАЗДАР АРАСЫНДА – «ТҮРКІСТАН»

ЖЕҢІМПАЗДАР АРАСЫНДА – «ТҮРКІСТАН»

ЖЕҢІМПАЗДАР АРАСЫНДА –  «ТҮРКІСТАН»
ашық дереккөзі

Журналистер күні мерекесіне орай, «Қазақмыс» корпорациясы мен Қазақстандық баспасөз клубы өткізген республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, отандық тау-кен металлургия саласындағы жұмыстар жайлы жазатын журналистердің кәсіби шеберлігін шыңдауды мақсат ететін бұл байқауға қатысушылар көп болыпты.«Баспасөз бетіндегі ең үздік мақала», «Телеарнадағы ең үздік материал», «Интернет БАҚ-тағы ең үздік мақала» және «Радиодағы ең үздік материал» аталымдары бо-йынша өткізілген сайыста әріптестеріміздің сюжет, сараптамалық мақалалар, шолулар мен сұхбаттар, очерктері сынға түскен. Қазылар алқасының шешімімен, «Қазақтілді басылымдардағы ең үздік мақала» бойынша І орынды «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкері Айнаш Есали иемденсе, ІІ орынды саясат пен экономика саласына қалам тербеп жүрген әріптесіміз, «Түркістан» газетінің сарапшысы Нәзия Жоямергенқызы қанжығаға байлады. Сонымен қатар «Ең үздік Интернет БАҚ» аталымы бойынша Сара Мұстафина (ҚазАқпарат), «Орыстілді БАҚ басылымдары арасындағы үздік материал» «Деловой Казахстан» газетінен Алевтина Донских пен «Эксперт-Казахстан» журналынан Сергей Домнин ие болды. «Үздік телевизиялық сюжет» аталымында «Первый Карагандинский» телеарнасының редакциясы және Қарағандыдағы аймақтық тілші Юлиана Чаустың материалы мен «КТК» телеарнасы иеленді. «Подробности» газетінің Шығыс Қазақстандағы тілшісі Анна Сабельфельдке және оның Жезқазғандағы әріптесі Эльвира Минчук пен Қазақстан журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін «Панорама» іскерлік газетінің редакциясына арнайы жүлделер берілді.