АУРУ – АСТАН
АУРУ – АСТАН
Жуырда Алматыдағы Holiday Inn қонақүйiнде Дүниежүзiлiк дұрыс ас қорыту күнi өттi. Дүниежүзiлiк мәнi бар бұл шара Қазақстан аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш шара Қазақстан ұлттық Гастроэнтерологтар қауымдастығы, Қазақ тағамтану академиясы мен «Данон Беркут» компаниясы дүниежүзiлiк гастроэнтерологтар ұйымының қолдауымен өткiзiлдi.
Жуырда Алматыдағы Holiday Inn қонақүйiнде Дүниежүзiлiк дұрыс ас қорыту күнi өттi. Дүниежүзiлiк мәнi бар бұл шара Қазақстан аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш шара Қазақстан ұлттық Гастроэнтерологтар қауымдастығы, Қазақ тағамтану академиясы мен «Данон Беркут» компаниясы дүниежүзiлiк гастроэнтерологтар ұйымының қолдауымен өткiзiлдi.
Дүниежүзiлiк гастроэнтерологтар ұйымының бастамасымен өткiзiлетiн бұл шара ас қорыту мәселелерiне жұртшылық назарын аударып, дұрыс тамақтану мәдениетiн қалыптастыруды көздейдi. Мұндай шаралар әлемнiң елуден астам елiнде өткiзiлiп келедi.
Қазiргi таңда дамыған елдердiң бәрiнде дұрыс тамақтану мен ас қорыту мәселесi мемлекеттiк деңгейге көтерiлiп отыр. Қазақстан да қол қусырып қарап отыр деуге болмайды. Әсiресе, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының адамдардың денсаулығын нығайтуға бағытталған бағдарламалары аса маңызды. 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту жөнiндегi мемлекеттiк «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталғаны баршаға белгiлi.
Ас қорыту жүйесiнiң сырқаттары жағынан Алматы қаласы алдыңғы қатарда келедi. Статистикаға сүйенсек, 2011 жылы оңтүстiк астанамызда 100 мың халықтың 19 мың 490-ы ас қорыту жүйесi сыр берген. Ас қорыту жүйесi аурулары қан айналым және тыныс алу мүшелерiнiң сырқаттарынан кейiн 3-орында. Аталған дертке шалдығушылар саны балалар мен жасөспiрiмдер арасында да аз емес. Бұл топта асқорыту жүйесiнiң аурулары тыныс алу мүшелерiнiң сырқатынан кейiн 2-шi орында тұр. 100 мың адамға шаққанда 15 мың 130 бала, 30 мың 770 жасөспiрiм аталған сырқаттың тырнағына iлiккен. Ал әрбiр 100 мың ересек азаматтың 12 мың 410-ының ас қорыту жүйесiнде ақау бар. Ас қорыту жүйесi сырқаттарының арасында гастрит, дуоденит және он екi елi iшек жарасы басым.
Дүниежүзiлiк дұрыс асқорыту күнiне орай өткiзiлетiн арнайы конференцияда ас қорыту проблемалары мен пробиотиктердiң асқазан-iшек жолдары сырқаттарының алдын алудағы рөлi туралы баспасөз мәслихаты өттi.
Конференцияда Қазақстан және жақын шетелдердiң жетекшi гастроэнтерологтары мен нутрициологтары онда өздерiнiң бiлген-түйгендерiмен бөлiсiп, зерттеулерiн ұсынды.
Атап айтар болсақ, конференцияның бас кураторы, профессор, м.ғ.д., Қазақстан Гастроэнтерологтар қауымдастығының президентi, Дүниежүзiлiк гастроэнтерологтар ұйымының (WGO) ресми мүшесi Роза Рахымқызы Бектаева лекция оқыды. Лекция оқитындардың қатарында: профессор, м.ғ.д., WGO Украинадағы төрағасы О.Я.Бабак; профессор, м.ғ.д., Қазақ тағамтану академиясының вице-президентi Ю.А.Синявский; профессор, м.ғ.д., Қазақстанның нутрициологтар, гастроэнтерологтар және эндоскопшылар қауымдастығы президентi Е.А.Изатоллаев; м.ғ.д., Алматы мемлекеттiк дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институты Гастроэнтерология кафедрасының доцентi Ж.А.Алдашева да бар.
Сондай-ақ, аталмыш шара аясында Holiday Inn қонақүйiнiң бас аспазшысының қатысуымен тамаша аспаздық шоу өткiзiлдi, дәмдi салаттар мен йогурттан түрлi десерттер әзiрлендi.Тағы бiр қызықты оқиға, қатысушылар дұрыс тамақтану пирамидасының куәсi болды. Пирамида функционалдық табиғи тағам өнiмдерiнен құралады.
ҚазҰУ-нiң студентi