ҚАРУ-ЖАРАҚ САУДАСЫ ҚЫЗУДА

ҚАРУ-ЖАРАҚ САУДАСЫ ҚЫЗУДА

ҚАРУ-ЖАРАҚ САУДАСЫ ҚЫЗУДА
ашық дереккөзі
302

Биыл АҚШ-тың әскери экспортының көлемі екі есеге ұлғайып отыр. 2012 жылғы қаржылық есеп бойынша, олардың әскери экспорттық көлемі 60 миллиард долларға жетуі мүмкін. Бұл әлемдік рекордқа қол жеткізілді деген сөз.

Бұл жөнінде мәлім еткен АҚШ Қорғаныс министрі Ричард Дженейл мырза. Пентагон өкілінің пікіріне қарағанда, әскери экспорттың өсуіне себеп, Сауд Арабиясы әскери-әуе күштеріне жалпы құны 29,4 миллиард доллар тұратын 84 F -15 жойғыш ұшақтарын сатуға негізделіп отырған көрінеді.

Сонымен бірге, АҚШ әскери әуе-күштеріне тиесілі 70 ұшақ жаңартылатын болады. Сондай-ақ, Жапония мемлекеті де 10 миллиард доллар көлемінде 42 F -35 жойғыш ұшағын сатып алуы мүмкін деген болжам бар. Ал көрші Ресей мемлекеті биылғы жылы экспортқа 13,5 миллиард доллардың қару-жарағы мен әскери техникасын шығаратын көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, әлемде қару-жарақ саудасы бұрынғыдан да қыза түскен.

Е.БЕКТАС

Серіктес жаңалықтары