ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ҚҰРМЕТ

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ҚҰРМЕТ

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ҚҰРМЕТ
ашық дереккөзі
387

26 маусымда Астана қаласындағы Ұлттық Академиялық кiтапханада Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң қолдауымен «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бiрлестiгi Байланыс және ақпарат қызметкерлерi күнiне арналған iс-шара өттi.

Оған Мәдениет және ақпарат министрi Д.Мыңбай, Президент Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, республикалық, өңiрлiк және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары қатысып, журналистердi кәсiби төл мерекесiмен құттықтады.

Салтанатты жиында Бас редакторлар Клубы 30 республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына құрмет грамоталары тапсырып, Ақпарат және мұрағат комитетінің арнайы жобасы аясында шыққан «Солай болған» және «Был случай» атты Қазақстан журналистерінің естеліктер сериясының алғашқы ұжымдық жинағының тұсауы кесілді. Журналистердің кәсіби мерекесіне орайластырылып шығарылған кітаптардың құрастырушылары – еліміздің танымал журналистері, Бас редакторлар клубының мүшелері Н.Жүсіп және А.Тараков.

Ақпарат айдынында әрдайым алғы шепте жүретін қалам иелерінің кәсіби қызметі барысында бастан кешкен қызықты оқиғалар мен хикаяларды арқау еткен жинақ журналистика саласының ішкі тірлігіне үңілуге шақырады.

Базарбек ТҮКІБАЙ

Астана

Серіктес жаңалықтары