«БҰЛ БАССЫЗДЫҚ ҚАШАН БIТЕДI?»

«БҰЛ БАССЫЗДЫҚ ҚАШАН БIТЕДI?»

«БҰЛ БАССЫЗДЫҚ ҚАШАН БIТЕДI?»
ашық дереккөзі
254

Президент осы аптада телекўпiр арћылы ел аймаћтарымен байланысћа шыћты. Астана кљнi ћарсаѓында телекўпiр арћылы халыћпен пiкiрлесу, елдiѓ жайын бiлу бiрнеше жылдан берi дќстљрге айналды. Бџл, ќсiресе, Љдемелi индустриалды-инновациялыћ баѕдарламасыныѓ бiр жылдыћ, жарты жылдыћ нќтижелерiн ћорытындылап, жаѓа нысандарды iске ћосу љшiн таптырмас мљмкiндiк болып отыр.

Бұл жолы Президент индустриялық нысандарға қатысты ғана емес, Үкіметтің биылғы жылдың алғашқы жартысы бойынша атқарған жұмысының қорытындыларын да ел алдында сарапқа салып, кей тұстарында қатты-қатты сын айтты.

Әсіресе, мемлекеттік қызметке орналас­қан­нан кейін аяқ астынан шіріген байға айналып шыға келетін шенеуніктерге шүйлікті. «Аяқ астынан байып шыға келген кешегі қайыршылардың ойынша, егер Парламентте отырсаң, онда танкпен жүру керек, өйткені танкпен жүргенде жұрттың екі көзі соларда ғой», – деді Н.Назарбаев.

Шындығында, Президент шенеуніктерге отан­дық автокөлікпен ғана жүруге бірнеше жыл бұрын тапсырма берген еді. Елбасы министрліктер, ведомстволар мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің отандық автокөлікке ауысып отыру қажеттігін тағы бір рет ескертті. «Міне, көрмеде тұр ғой, қандайын қалайсыз – жүк көлігі ме, жеңіл көлік пе, медициналық па, шенеуніктерге арналғаны да бар. Алайда ҰҚК, Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрліктерінен басқа ешкім келісім-шартқа (отандық автокөлік шығарушыларымен – ред.) отырған жоқ. Әлі де техниканы шетелде сатып алуды жалғастыруда. Бұл бассыздық қашан бітеді, айтыңдаршы, қашанғы айтуға болады мұны? Біздегі шығарылатын (автокөліктер – ред.) жап-жақсы, бірақ оларға «Мерседестер» керек екен! Онда өз ақшасына сатып алсын!», – деді Президент.

«Бағасы да басқаша. Мемлекеттің қан­шама қаржысы жұмсалып, желге ұшып жатыр! Барыңдар да көріңдер, Қазақстанның қандай автокөлік шығаратынын. Сырттан көлік сатып әкелудің қажеті жоқ. Біздегі өндіріс тәп-тәуір, бірақ оларға «Мерседес­тер» ғана керек. Онда өз ақшаларына сатып алсын. Дереу тыйым салынсын!», – деді Н.Назарбаев шегелей.

Елбасының айтып отырғанында шындық бар. Ресми статистикалық мәліметтерге жүгінбей-ақ, Астана мен Алматы қала­ла­рындағы, тіпті облыс орталықтарында көшеге шығып, айналаңызға бір сәт сынай көз жүгіртсеңіз, соңғы жылдары қымбат бағалы шетелдік көліктердің саны кемудің орнына, керісінше күрт артқанын байқауға болады. Шетелдік маркалы көліктің соңғы үлгісін міну – базбіреулер үшін өмірдегі жетістікке жетудің оңай формуласына айналғандай. Ғаламды шырмаған экономикалық дағдарыс та оларға қолбайлау емес. Егер қазақстандықтардың тұрмысын көшедегі көліктердің баға өлшеміне салып безбендер болса, онда біздегі өмір сүру деңгейі дамыған мемлекеттермен иық тіресіп қалуы да ғажап емес.

Ал Н.Назарбаевтың айтуынша, танкке ұқсас үлкен көлікті мақтан үшін мінетіндер өздерінің мәдениеттен жұрдайлығын, білімсіз надандығын және тексіз екендігін аңғартып алады. «Айтқандай-ақ, бақуатты Батыста отбасылар шағын көлік сатып алуға тырысады, өйткені үлкен көліктерді қала ішінде қаңтарып қою, онымен көшеде жүру қиын, тіпті оған тыйым салынған, оның үстіне жанармай төрт есе көп жұмсалады. Ал біздің жаңадан байыған кешегі қайыршылар танкке ауысып мінгенше асық… Танкке мініп жүргенді мәртебе көреді, жұрттың бәрі оларға қарайды ғой! Бұл – ол адамдардың тұнып тұрған мәдениетсіздігі, білімсіз надандығы және тексіздігі!», – деді Президент.

Қоғамдағы әлеуметтік кикілжіңдердің белең ала бастағаны да Елбасыны қатты алаңдататыны байқалды. Инвестициялық форум үстінде Президент әлеуметтік-еңбек кикілжіңін тудыруға жол бергендерді жауапқа тарту керектігі жөнінде айтып өтті. «Әлеуметтік-еңбек кикілжіңдерін тудырғаны үшін құқықтық жауапкершілікке тарту жағы кемшін. Көбіне оған жұмыс берушінің еңбек ету жағдайын жасамауы, өндірістік процесстерді бұзуы, жалақыны уақытылы төлемеуі себепші болады. Дегенмен де еш жерде жұмыс істемейтін жікшілдер, паразиттер де бар, олар осындай кикілжіңдерді тудыру арқылы пайда табады», – деді Президент.

Адал өмір сүруден алшақтағандарды жерден алып, жерге салған Елбасы жастарға өнегелі сөз айтты: «Қазақстаннан тыс жерде жұмақ жоқ. Өмірде бар игілікке бір-ақ сәтте қол жеткіземін деу де жаңсақтық. Туған еліңде ерінбей еңбек етіп, тер төгу керек. Мемлекет бұл үшін барлық қажетті жағдай жасап отыр». Президент жастардың техникалық және кәсіби білім алып, индустрияландыру ісіне белсене араласу қажеттігін де айтып өтті.

«Кәрім Қажымқанұлы, бұл бассыздық қашан бітеді?» деп шын ашуланған Президенттің реніші де орынды. Өйткені атқарушы билік Президенттің қай тапсырмасын да бұлжытпай орындауы тиіс. Әйтсе де Үкіметтің Президенттің тікелей тапсырмасын аяқсыз қалдырғаны бір бұл емес қой…

Гүлбиғаш Омарова

Серіктес жаңалықтары