ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМДЕРІНЕ 1400 ОРЫН БӨЛIНДI

ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМДЕРІНЕ 1400 ОРЫН БӨЛIНДI

ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМДЕРІНЕ 1400 ОРЫН БӨЛIНДI
ашық дереккөзі
1020

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм департаментi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес 2012-2013 оқу жылына Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтарды оқыту үшiн Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмдерiнде 1400 орын бөлiнгендiгiн хабарлайды. Шетелде тұратын қазақ ұлтының азаматтарын дайындық бөлiмдерге iрiктеу шетелдердегi Қазақстан Республикасының Елшiлiктерi арқылы өтедi.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқу үшін конкурсқа қатысуға үміт­кер­лер шетелдердегі Қазақстан Респуб­ли­касының Елшіліктеріне келе­сі құ­жаттарды ұсынуға міндетті: тұрғы­лық­ты жері толық көрсетілген өтініш, но­тариалды куәландырылған орта білім туралы құжаттың көшірмесі, нотариалды куәландырылған жеке құжаттың көшірмесі, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және 6 фотосурет.

Үміткерлердің құжаттарын шетел­дер­дегі Қазақстан Республикасының Елшіліктері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жібереді, одан соң Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беріледі.

Қазақстанда тұратын азаматтығы жоқ­ қазақ ұлтының өкілдерін іріктеу Қазақ­стан Республикасының Ішкі іс­тер министрлігі Көші-қон полициясы ко­ми­теті арқылы өтеді.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқу үшін конкурсқа қатысуға үміткерлер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне келесі құжаттарды ұсынуы қажет: тұрғылықты жері толық көрсетілген өтініш, нотариалды бекітілген орта білім туралы құжаттың көшірмесі, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және 6 фотосурет. Үміткерлердің құжаттарын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті жинақтап, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне ұсынады.

Дайындық бөлімдеріне қабылдау кешенді тестілеу нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде жүргізіледі. Тестілеу жоғары оқу орындарының базасында екі пән бойынша өткізіледі: математика және қазақ тілі (орыс тілі). Сондай-ақ, кешенді тестілеу басқа елге шығу арқылы да өткізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқу үшін өткізілетін кешенді тестілеу уақыты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіліп, қосымша хабарланатын болады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Сіздерден алдағы іріктеу жұмыстарын ұйымдастыруға өз тараптарыңыздан көмек көрсетулеріңізді сұрайды.

2012-2013 оқу жылына дайындық бөлімдеріне қабылдау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті ұсынған тізімге сәйкес жүзеге асырылатынын мәлімдейміз.

Өтініштерді қабылдау мерзімі 1 шілдеден 20 тамызға дейін, сабақ ағымдағы жылғы 1 қазанда басталады.

Толық ақпаратты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің 8 (7172) 74-25-26, 74-25-27 телефондары арқылы алуға болады.

Серіктес жаңалықтары