ӨРТТЕН КЕЙIНГI «ҚИЯЛ ӘЛЕМI»

ӨРТТЕН КЕЙIНГI «ҚИЯЛ ӘЛЕМI»

ӨРТТЕН КЕЙIНГI «ҚИЯЛ ӘЛЕМI»
ашық дереккөзі
171

Таяуда Алматыдағы «Айя Қиял әлемі» саябағында өрт шықты. Өрттің қалай әрі неден шыққанын әлі ешкім білмейді. Өртенген жердің аумағы өте үлкен, шамамен 2500 метрді алып жатыр. Өрт сөндірушілер онда дер кезінде келіп, өртті ауыздықтауға әрекет еттік деп сендіруде. Алайда саябақ қызметкерлері өрт сөндірушілерді уақытында келмеді деп айыптайды. Өртті сөндіруге 16 техника мен 65 адам жұмылдырылыпты. 3 сағаттай болған өрт түтіні бүкіл қаланы алып кетті. Алматы «Қиял әлемі» саябағы 1997 жылы 29 желтоқсанда ашылған болатын. Әрине, 15 жыл көлемінде қаланың ең әсем демалыс орны, көңіл көтеретін саябақтарының біріне айналды. Ал кенеттен шыққан өрт бар еңбекті зая кетірген. Тілсіз жау көптеген ойын автоматтары мен қоймаларын жалмаған. Әзірше саябақ басшылары бұл жайлы ақпарат беруден бас тартып отыр. Сонымен қатар қызметкерлер де ештеңе ашып айта алмайды. Ең маңыздысы, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Саябақ әкімшілігі БАҚ өкілдерінің ішке енуіне қатаң тыйым салған еді. Осы өртке байланысты «Қиял әлемі» біраз уақытқа жұмысын тоқтатқан болатын.

Әбенова Балқыз, қала тұрғыны:

Мен әр сенбі сайын жанұяммен бірге осы жерге келіп көңіл сергітіп қайтамын. Болған жағдайды естіп,көңілім түсіп кетті.Өрттен кейін барғанмын.Айтарлықтай өртеніп кетпеген екен,аз ғана жөндеу жұмыстары жүргізілсе, өз орнына келеді деп ойлаймын.

Жаңбырбаева Жанар, студент:

Мен «Қиял әлеміне» осыдан біраз уақыт бұрын дос қыздарыммен бірге қыдырып келгенмін. Аттракциондардың алуан түрлілігі көздің жауын алады. Бір барған соң келесі жолы да барғың келіп тұрады. Өрт болғанын естіп, енді бара алмайтын болдым ғой деп ойладым. Бірақ жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын естідім.Бұл, әрине қуанышты жаңалық.

Тоғжан СЕРIКБАЕВА,

ҚазҰУ-нiң студентi

Серіктес жаңалықтары