ИНДУСТРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ IЛГЕРIЛЕУ

ИНДУСТРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ IЛГЕРIЛЕУ

ИНДУСТРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ IЛГЕРIЛЕУ
ашық дереккөзі
276

Үкімет қолға алған әрі басымдық берген бағдарламалардың бірі – индустриаландыру мәселесі. Уақыт өткен сайын даму көрсеткіштері жоғарылап келе жатқан бұл саланың тауар өндіру қарқыны да өскен.

Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің мәлімдеуінше, мемлекеттік индустриаландыру шеңберінде соңғы 2 жылдың ішінде 400-ге жуық жаңа өндіріс іске қосылып, соның нәтижесінде 90 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған. «Бес жылға арналған Президенттік бағдарламалардың бірқатары мерзімінен бұрын жүзеге асырылып жатыр. Мәселен болжамға сай 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнім 2008 жылмен салыстырғанда, 7 трлн. теңгеге дейін өсуі керек болатын. Әйтседе өткен жылдың өзінде аталған көрсеткіш асыра орындалды. Яғни аталған сома 11,2 трлн. теңгеге артып, 27,3 трлн. теңге болды. Жалпы, индустриялық бағдарлама индикаторларының орындалуы 2 жылда 88 пайыздан асты», – дейді министр. Ал жаңа зауыттар 4 млрд. доллардың өнімін шығарып, индустрияландыру картасы аясында пайдалануға берілген жобалар арқылы 680 млрд. теңгенің өнімін өндірді.

Бүгінде индустриаландыру картасы шеңберінде жалпы құны 11 трлн. теңге болатын 705 жоба бар. Жобаны іске асыру барысында 218 мыңға жуық жұмыс орны, ал нысандар пайдалануға берілгенде 190 мың жұмыс орны құрылады деп болжануда. Сонымен қатар министрліктің мәліметіне сәйкес, индустриаландыру картасы шеңберінде 2010-2011 жылдары жалпы сомасы 1,8 трлн. теңгенің 389 жобасы пайдалануға берілген. Ал 2011 жыл мен биылғы жылдың бірінші тоқсанында ҚР Статистикалық агенттігінің мәліметтері бойынша 680 млрд. теңгенің өнімі шығарылған көрінеді.

Индустриаландыру картасына енгізілген жобалардың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 1,18 пайызды құраған. Министрдің мәлімдеуінше, өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі шығарылған тауарлар мен қызметтерінің үлесі 7,3 пайызға жуық. Оның ішінде өңдеуші өнеркәсіптің үлес салмағы 12,8 пайызға жеткен.

Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде жалпы ішкі өнім құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің көрсеткіші де өсуде. 2011 жылы бұл 11,4 пайыз болған. Ә.Исекешевтің мәлімдеуінше, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қабылданғаннан бері өңдеуші өнеркәсіптің тұрақты түрде өсуі байқалып келеді. Мәселен осы бағыттың өсу қарқыны тұңғыш рет тау-кен өндіру өнеркәсібінің қарқынын басып озған.

Сонымен қатар 2010 жылы тау-кен саласының өсім көрсеткіші 7 пайызға артса, бұл саладағы өңдеуші өнеркәсіптің өсімі 14 пайызды құраған. Ал, 2011 жылы өңдеуші өнеркәсіп өндірісіндегі өсім көрсеткіші 6,2 пайызға жеткен. Бұл туралы министр былай дейді: «Жалпы алғанда өндірістің өсімі іс жүзінде өңдеуші өнеркәсіптің барлық салаларында байқалуда. Былтырғы жылдың қорытындыларына үңілсек, химия өнеркәсібі – 21,5 пайыз, машина жасау 16,8 пайызды құрады».

Айнұр СЛӘМҒАЖЫ,

ҚазҰУ-нiң студентi

Серіктес жаңалықтары