«ЕЛ IШI – ӨНЕР КЕНIШI» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ

«ЕЛ IШI – ӨНЕР КЕНIШI» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ

«ЕЛ IШI – ӨНЕР КЕНIШI» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ
ашық дереккөзі
299

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ел іші – өнер кеніші» атты республикалық телевизиялық халық шығармашылығы байқауын өткізеді.

Байқауға облыстардың, Алматы мен Астана қалаларының көркемөнерпаз шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары қатыса алады.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері болып мыналар табылады:

1) жаңа дарындарды анықтау және таланттарға, өзіндік ерекшеліктері бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларға қолдау көрсету;

2) талантты адамдарға қолдау көрсетуге және олардың шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау;

3) тұрғындардың жалпы мәдени деңгейін көтеру;

4) тұрғындардың мәдени бос уақытын және эстетикалық тәрбие алуын ұйымдастыру;

5) мәдени аумақтағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

6) Қазақстан халқы мәдениетін жандандыру, сақтау, дамыту және тарату;

7) жастардың ұлтжандылық тәрбие алуына, олардың ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарымен танысуына ықпал ету.

Байқау төмендегідей жанрлық номинациялар бойынша өткізіледі:

1) музыка және би;

2) театр өнері және оригиналдық жанр;

3) бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер.

Байқау аймақтардағы сұрыптау кезеңінен құрастырылып, Астанада өткізілетін гала-концертпен аяқталады және БАҚ-тарда жарияланады.

Байқау мамыр – қараша айлары аралығында өткізіледі.

Байқауға қатысуға жеке шығармашылық ұжымдар мен 15 пен 35 жас аралығындағы жеке орындаушылар шақырылады.

Байқауға қатысуға өтінішті жергілікті жерлердегі мәдениет басқармалары қалыптастырып, Байқаудың өткізілу мерзімі мен орны туралы ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігіне 2012 жылдың мамыр айына дейін ұсынады.

Қатысушылардың шығарманы орындау ұзақтығы 3-5 минуттан аспауы керек. Ең жақсы деген ұжымдар мен орындаушылар Астанада өтетін қорытынды гала-концертке қатысады. Байқаудың жеңімпазы әділқазы алқасының шешімі бойынша гала-концертте анықталады.

Байқау туралы толық мағлұматты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтынан (www.mk.gov.kz) алуға болады.

Серіктес жаңалықтары